https://sputnik.kz/20230808/stenin-atyndagy-bayqau-onlayn-dauys-beru-kezinde-undistandyq-fotograf-zheniske-zhetti-37361957.html
Стенин атындағы байқау: онлайн дауыс беру кезінде үндістандық фотограф жеңіске жетті
Стенин атындағы байқау: онлайн дауыс беру кезінде үндістандық фотограф жеңіске жетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін интернет қолданушылар дауыс берді. Онлайн... 08.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-08T20:33+0500
2023-08-08T20:33+0500
2023-08-08T20:33+0500
халықаралық байқау
https://sputnik.kz/img/07e7/08/08/37354613_0:76:1281:796_1920x0_80_0_0_d73ea8ebb5ed65ca1b76d32acc79504d.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін интернет қолданушылар дауыс берді. Онлайн дауыс беру тамыз айының басында аяқталды.Үндістандық журналист Кабир Дхангьянидің "Джамна өзеніндегі шағалалар" атты суреті көп дауыс жинады.Автордың өзі жеңімпаз суретті былай деп сипаттаған: "Ер адам Нью-Делидегі Джамна өзенінің жағасында қайық айдап бара жатыр. Қыста жыл құстары Үндістанға ұшып келеді. Қазанға қарай оларды бүкіл ел аумағынан көруге болады, ал наурызда олар ұшып кетеді".Интернет қолданушылардың пікірінше, шорт-тізімдегі үздік бес жұмыстың қатарына Ресей мен Бурунди тілшілерінің дербес суреттері мен топтамалары да кіреді: онлайн дауыс беруде екінші орын Фабрис Мбонанкираның (Бурунди) "Ұйқыдағы патшайымдар" суреттер топтамасына берілсе, үшінші және төртінші орындарды ресейліктердің дербес суреттері иеленді – Пелагия Тихонованың "45-ті еске алу" атты суреті және Евгений Филипповтың "Жеке жарыс" атты туындысы.Бесінші орында тағы бір үнді фотографы, калькутталық фототілші Сайян Адхикаридің "Ұмыт болуға айналған дәстүр" атты туындысы тұр.Шорт-тізім номинанттарының жүлделі орындарын және Гран-при иегерін байқауды ұйымдастыру комитеті қыркүйек айында сайтта жариялайды. Дәстүр бойынша жыл соңына дейін әлем қалаларында жеңімпаздардың дәстүрлі роуд-шоуына бастама жасалады деп жоспарланып отыр.Байқау туралыАндрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл дарынды, сезімтал және адамдар мен оқиғаларға жіті назар аударатын барлық жаңашылдыққа бейім жас фотографтарға арналған алаң.Байқаудың халықаралық ақпараттық серіктестері: Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы (Халықаралық), RT телеарнасы және порталы (Халықаралық), Independent Media холдингі (Оңтүстік Африка Республикасы), ANA ақпарат агенттігі (Оңтүстік Африка Республикасы), Shanghai United Media Group (SUMG) (Қытай), China Daily газетінің интернет-порталы (Қытай), The Paper интернет-порталы (Қытай), Al Mayadeen медиа желісі (Ливан).
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/08/37354613_32:0:1168:852_1920x0_80_0_0_31bbd5e8ab30585ada3afbf8624a1419.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
халықаралық байқау
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауының жеңімпаздарын анықтау үшін интернет қолданушылар дауыс берді. Онлайн дауыс беру тамыз айының басында аяқталды.
Үндістандық журналист Кабир Дхангьянидің "Джамна өзеніндегі шағалалар" атты суреті көп дауыс жинады.
Автордың өзі жеңімпаз суретті былай деп сипаттаған: "Ер адам Нью-Делидегі Джамна өзенінің жағасында қайық айдап бара жатыр. Қыста жыл құстары Үндістанға ұшып келеді. Қазанға қарай оларды бүкіл ел аумағынан көруге болады, ал наурызда олар ұшып кетеді".
Интернет қолданушылардың пікірінше, шорт-тізімдегі үздік бес жұмыстың қатарына Ресей мен Бурунди тілшілерінің дербес суреттері мен топтамалары да кіреді: онлайн дауыс беруде екінші орын Фабрис Мбонанкираның (Бурунди) "Ұйқыдағы патшайымдар" суреттер топтамасына берілсе, үшінші және төртінші орындарды ресейліктердің дербес суреттері иеленді – Пелагия Тихонованың "45-ті еске алу" атты суреті
және Евгений Филипповтың "Жеке жарыс" атты туындысы.
Бесінші орында тағы бір үнді фотографы, калькутталық фототілші Сайян Адхикаридің "Ұмыт болуға айналған дәстүр" атты туындысы тұр.
Шорт-тізім номинанттарының жүлделі орындарын және Гран-при иегерін байқауды ұйымдастыру комитеті қыркүйек айында сайтта жариялайды. Дәстүр бойынша жыл соңына дейін әлем қалаларында жеңімпаздардың дәстүрлі роуд-шоуына бастама жасалады деп жоспарланып отыр.
Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл дарынды, сезімтал және адамдар мен оқиғаларға жіті назар аударатын барлық жаңашылдыққа бейім жас фотографтарға арналған алаң.
Байқаудың халықаралық ақпараттық серіктестері: Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы (Халықаралық), RT телеарнасы және порталы (Халықаралық), Independent Media холдингі (Оңтүстік Африка Республикасы), ANA ақпарат агенттігі (Оңтүстік Африка Республикасы), Shanghai United Media Group (SUMG) (Қытай), China Daily газетінің интернет-порталы (Қытай), The Paper интернет-порталы (Қытай), Al Mayadeen медиа желісі (Ливан).