Соңғы 10 жылда алғаш рет Қазақстанға көшіп келгендердің саны артты - министр себебін айтты

© SputnikМиграция
Миграция - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Соңғы 10 жылда алғаш рет Қазақстанға көшіп келген азаматтардың саны эмигранттардан басым болып тұр.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанға келген адамдардың басым бөлігі – ТМД елдерінің азаматтары. Сондай-ақ Қытай мен Моңғолиядан көшіп келгендер бар.
"Көші-қон саласында алғаш рет соңғы 10 жылда оң үрдіс қалыптасқанын жеткізгім келіп отыр. Әрине, бұл бір жағынан геосаяси ахуалдың әсері болса, екінші жағынан көші-қон саласы тұжырымдамасының шараларын белсенді атқарудың нәтижесі", - деді Дүйсенова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, тұрақты тұруға қалған азаматтардың басым бөлігі еңбекке қабілетті, техникалық, экономикалық, педагогикалық және медициналық жоғары білімі бар.
"Ішкі көші-қонда да оң өзгерістер байқап отырмыз. Есептік кезеңде 160 мыңнан астам тұрғын ел ішінде қоныс аударды. Бұл ретте ірі қалаларға көш түзеген азаматтардың үлес салмағы 40 процентті құрап отыр", - деп атап көрсетті Дүйсенова.
Жаңалықтар
0