https://sputnik.kz/20230808/qaytys-bolgan-15-mynnan-astam-adam-turgyn-uy-kezeginde-tur--ministrlik-37360423.html
Қайтыс болған 15 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр – министрлік
Қайтыс болған 15 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр – министрлік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Баспана кезегінде тұрған 232 мың адамның құжаты заң талаптарына сай емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен... 08.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-08T17:00+0500
2023-08-08T17:00+0500
2023-08-10T17:15+0500
жалдамалы баспана
тұрғын үй бағдарламасы
баспана
https://sputnik.kz/img/1191/36/11913696_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_bb37c22061ab2a3aa9f7627a11169a14.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Баспана кезегінде тұрған 232 мың адамның құжаты заң талаптарына сай емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтты, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.Оның мәліметінше, бүгінде тұрғын үй кезегінде 646 819 қазақстандық азамат тұр. Сонымен қатар кейінгі жылдары олардың қатары ұлғайып келеді. Айталық, кейінгі 10 жылда кезек 6 есеге артты.Демек үй кезегінде тұрған 232 мыңға жуық азаматтың жеке деректері заң талаптарына сай болмағандықтан оларды тізімнен шығаруға тура келеді."Аталған тізімді түгендеу кезектің жылжу процесін жеделдетуге және расымен де баспанаға мұқтаж азаматтардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді", -деп түйіндеді комитет төрағасының орынбасары.
https://sputnik.kz/20230723/baspana-bagasy-qalay-ozgeredi-sarapshy-bolzham-36944965.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/36/11913696_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_7ccbf7ba34dbc2ff92600396357c70ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалдамалы баспана, тұрғын үй бағдарламасы, баспана
жалдамалы баспана, тұрғын үй бағдарламасы, баспана
Қайтыс болған 15 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр – министрлік
17:00 08.08.2023 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Баспана кезегінде тұрған 232 мың адамның құжаты заң талаптарына сай емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтты, деп хабарлады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Оның мәліметінше, бүгінде тұрғын үй кезегінде 646 819 қазақстандық азамат тұр. Сонымен қатар кейінгі жылдары олардың қатары ұлғайып келеді. Айталық, кейінгі 10 жылда кезек 6 есеге артты.
"Тізімнің заң талаптарының сәйкестігіне талдау жүргізілді. Оның нәтижесінде кезекте тұрған 96,1 мың азаматтың кейінгі 5 жылда жеке баспанасы болғаны, 533 адамның Қазақстанның азаматтығы жоқ екені, 91,4 мыңдай адамның тұрғылықты жері кезекке тіркелген өңірмен сәйкес келмейтіні, сондай-ақ 29 мың адамның тіркелмегені және 15,6 мың адамның қайтыс болғаны анықталып отыр", - деді Қабдол.
Демек үй кезегінде тұрған 232 мыңға жуық азаматтың жеке деректері заң талаптарына сай болмағандықтан оларды тізімнен шығаруға тура келеді.
"Аталған тізімді түгендеу кезектің жылжу процесін жеделдетуге және расымен де баспанаға мұқтаж азаматтардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді", -деп түйіндеді комитет төрағасының орынбасары.