Алматы облысында медбикені жұмыс орнында пышақтап кетті

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуМедсестра набирает лекарство в шприц
Медсестра набирает лекарство в шприц - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 тамыз - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында медбикені жұмыс орнында пышақтап кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 7 тамызда сағат 17:00 шамасында болған.
"Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысы жарақаттанған 45 жастағы әйел түсті. Ол алған жарақатынан қайтыс болды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша аудандық полицияда тергеу басталды", - деп хабарлады полиция.
Күдікті ретінде Қарасай ауданы Қошмамбет ауылының тұрғыны ұсталған.
"42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған. Ұсталған адамның айтуынша, оқиға әйелдің кәсіби қызметіне байланысты емес, жеке қарым-қатынас салдарынан болған", - деп атап өтті ведомство.
Жаңалықтар
0