Жезқазған қаласының тұрғындары қаржы пирамидасын жарнамалады деген күдікке ілінді

© Sputnik / Ирина СемибратоваМонеты
Монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Жезқазған қаласының екі тұрғыны "MetaGo" қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Аталған факті агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруі нәтижесінде анықталды.
Күдікті тұлғалар аталған қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда (әлеуметтік желілерде), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып, халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген.
Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 217-1-бабы - адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы – бойынша тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты "MetaGo" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0