Жетісу облысында газ тартуға байланысты 150 млн теңге негізсіз төленген

© Sputnik / Тимур БатыршинГазопровод, архивное фото
Газопровод, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында шенеуніктер газ тарту желілерін салу бойынша негізсіз жұмыстар мен материалдар енгізу арқылы 150 миллион теңге алмақ болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы "Ескелді ауданының газ тарату желілерін салу" жобалық-сметалық құжаттамасында 75 шақырым болат құбырларды төсеу жұмыстарын енгізген. Ал жобада жұмыс көлемі 26 шақырым болып бекітілген. Прокурорлар ауданның өзіне барып, атқарылған жұмысты да көріп келді. Тартылған желілердің ұзындығы 26 шақырымнан аспайды.
"Осылайша, жобаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен нақты жұмыстар арасындағы айырмашылық 49 шақырымнан астам желіні құрады. Прокуратура актісі бойынша тапсырыс беруші негізсіз енгізілген жұмыстар жойылды және шарт сомасы азайтылды", - дейді мамандар.
Ал кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
0