Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін реконструкциялау жүріп жатыр

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Роман Скляр проинспектировал ремонт на ТЭЦ в Темиртау
Роман Скляр проинспектировал ремонт на ТЭЦ в Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ 2-ЖЭО-сында жылу беру маусымына дайындық және жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады.
Үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жетінші қазандықты салу бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктірілуде: нысанда жұмысшылар жетпей жатыр, негізгі жабдықтар кешігіп орнатылуда. Мердігер ұйым басшылығының ("AB Construction" ЖШС) есебін тыңдаған Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады.
Теміртауда Роман Склярға жылу желілерін жөндеу бағдарламасы ұсынылды. Қалада жылу желілерінің барлық тозған учаскесі бойынша реконструкциялау жүріп жатыр. Жұмыстар жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталуға тиіс. Премьер-министрдің бірінші орынбасары облыстың басқа да бірқатар энергия көзін аралады. Ол Топар, Шахтинск және Қарағандыға барды..
Жаңалықтар
0