Қызылордада аурухананың балконынан құлап кеткен әйел көз жұмды

© Sputnik/Ляля ЛиловаНовая больница в Кызылорде обойдется государству в 36,4 миллиарда тенге
Новая больница в Кызылорде обойдется государству в 36,4 миллиарда тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қызылордада ауруханалардың бірінде төртінші қабаттың балконынан пациент құлап қайтыс болды. Көз жұмған әйел - 61 жаста, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Егде жастағы әйел облыс орталығындағы медициналық мекемеде ем қабылдап жатқан. 6 тамыз күні ол белгісіз жағдайда балконнан құлап кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.
Қызылорданың полиция департаменті әйелдің өлімін растады.
"Аталған факті полицияда тіркелді, Қылмыстық кодекстің 105 бабы, 1-тармағы бойынша "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Девушка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2023
Түркістанда 6-қабаттан құлаған қыздың туыстары оны балконнан лақтырып жібергенін айтты
Жаңалықтар
0