Қызылорда облысында жоғалған қыздың денесі табылды

© Photo : Polisia.kzҚызылорда облысындағы "Үбіс" каналы
Қызылорда облысындағы Үбіс каналы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

7 тамызда Қармақшы аудандық полиция бөліміне Тұрмағанбет ауылының тұрғынынан 7 жастағы қызының жоғалғандығы туралы хабарлама түсті. Әкесінің айтуы бойынша, оның қызы 6 тамыз күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қыздың ата-анасы және туыстары қызды өз күшімен табуға тырысқан. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң полицияға жүгінген. Хабарлама түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарына кірісті.
"Жоғалған қызды іздеуге Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, ТЖД, аудан әкімдігінің қызметкерлері, еріктілер, жалпы 60-тан астам адам жұмылдырылды", - деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ қызды табу мақсатында екі дрон пайдаланылды. Бүгін сағат 13:00 шамасында қыздың мәйіті "Үбіс" каналынан табылды. Мәйіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қыз каналға суға батып кеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтар
0