Қарағандыда балалар жаппай уланды: үшеуі ауруханадан шығарылды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан улану диагнозымен ауруханаға түскен балалардың тағы үшеуі бүгін шығарылмақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, қазір жансақтау бөлімінде 6 бала жатыр. Олардың жағдайы – тұрақты ауыр. Нейробоксирленген бөлімшедегеі 3 баланың жағдайы тұрақты, нашарлау белгілері жоқ.
"Барлығы – 9 науқас, олардың екеуі балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде, қалған жетеуі облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық аурулар орталығында. Үш баланы шығару жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды.
Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға елде осындай мекемелерге кешенді тексерулер ұйымдастыруды тапсырды.
Жаңалықтар
0