Энергия тиімділігі мен газды ұқыпты тұтыну жоспары талқылауға шығарылды

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуГаз құбыры, архивтегі фото
Газ құбыры, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен, "QazaqGaz" АҚ-мен бірлесіп 2023-2025 жылдарға арналған энергия тиімділігі мен газды ұқыпты тұтыну жоспарын әзірледі.
Үкімет қаулысының жобасы қоғамдық талқылау үшін 7 тамызда "Ашық НҚА" интернет-порталында жарияланды.
Әзірленген жоспар:
газ тасымалдау жүйесіндегі шығындарды оңтайландыру;
газды есепке алудың бірыңғай жүйесін құру (халықаралық тәжірибені ескере отырып, газ тасымалдау және газ тарату жүйелерін цифрландыру);
ОЭК тиімділігін арттыру;
климаттық жағдайларды ескере отырып, әр аймақ үшін халық үшін тауар газын тұтыну нормаларын белгілеуді қамтитын негізгі блоктардан тұрады.
Энергетика министрлігі аталған іс-шаралар газ теңгерімінің жалпы мәселесінде қолайлы әсер етеді, атап айтқанда, халық тарапынан да, өнеркәсіптік тұтынушылар мен ОЭК тарапынан да газ тұтыну тәртібін күшейтеді деп есептейді.
Естеріңізге сала кетейік, жоспарды әзірлеу туралы тапсырманы президент 29 наурызда сегізінші шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясында берген болатын.
Жаңалықтар
0