https://sputnik.kz/20230806/soltustik-qazaqstanda-zhol-shetinen-eki-adamnyn-mayiti-men-arbada-zhatqan-sabi-tabyldy-37316150.html
Солтүстік Қазақстанда жол шетінен екі адамның мәйіті мен арбада жатқан сәби табылды
Солтүстік Қазақстанда жол шетінен екі адамның мәйіті мен арбада жатқан сәби табылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Солтүсік Қазақстан облысының полицейлері жол шетінен екі адамның мәйіті мен арбада жатқан кішкентай баланы тауып алды, деп... 06.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-06T19:34+0500
2023-08-06T19:34+0500
2023-08-06T19:34+0500
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/old/943/14/9431444_8:0:1373:768_1920x0_80_0_0_2f50d02ccee14fee06fdf338673dd3ec.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Солтүсік Қазақстан облысының полицейлері жол шетінен екі адамның мәйіті мен арбада жатқан кішкентай баланы тауып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияның мәліметінше, 5 тамыз сағат 23:40-та Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарақоға мен Надежка ауылдарының арасындағы жолдың шетінде еш қимылсыз екі адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғындарын, ер адам мен әйел адамның денесін анықтады.Сондай-ақ оқиға орнынан жақын жерде балаларға арналған қоларбада жатқан кішкентай бала табылды. Ол жедел жәрдем көлігімен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. 2022 жылы туған баланың денесінен жарақат іздері табылмады.Қазір бала орталық аудандық ауруханадағы балалар бөлімінің бақылауында. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Образец ауылында жол апатының белгілеріне ұқсас сыртқы зақымдары бар Toyota Land Cruiser автокөлігі анықталды. Автокөліктің жүргізушісі, (көліктің иесі) Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Жауап ала келе ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты. Жүргізілген медициналық куәландыру Тoyota Land Cruiser жүргізушісінің мас күйде екенін көрсетті.Аталған факті ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы), 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" және 119-бабының 1-бөлігі "Қауiптi жағдайда қалдыру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/943/14/9431444_178:0:1202:768_1920x0_80_0_0_3f43eba0798c25ff5abf24508d772d9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы
солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстанда жол шетінен екі адамның мәйіті мен арбада жатқан сәби табылды
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Солтүсік Қазақстан облысының полицейлері жол шетінен екі адамның мәйіті мен арбада жатқан кішкентай баланы тауып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, 5 тамыз сағат 23:40-та Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарақоға мен Надежка ауылдарының арасындағы жолдың шетінде еш қимылсыз екі адамның жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғындарын, ер адам мен әйел адамның денесін анықтады.
Сондай-ақ оқиға орнынан жақын жерде балаларға арналған қоларбада жатқан кішкентай бала табылды. Ол жедел жәрдем көлігімен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. 2022 жылы туған баланың денесінен жарақат іздері табылмады.
Қазір бала орталық аудандық ауруханадағы балалар бөлімінің бақылауында. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Образец ауылында жол апатының белгілеріне ұқсас сыртқы зақымдары бар Toyota Land Cruiser автокөлігі анықталды. Автокөліктің жүргізушісі, (көліктің иесі) Петропавл қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Жауап ала келе ер адам екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты. Жүргізілген медициналық куәландыру Тoyota Land Cruiser жүргізушісінің мас күйде екенін көрсетті.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы), 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" және 119-бабының 1-бөлігі "Қауiптi жағдайда қалдыру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.