Спорт

Қазақстандық гимнаст Дүниежүзілік Универсиаданың алтын медалін жеңіп алды

© AFP 2024 / MARTIN BUREAUМилад Карими выступает на брусьях в многоборье на Олимпиаде
Милад Карими выступает на брусьях в многоборье на Олимпиаде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстандық гимнаст Милад Карими Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы Универсиадада алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті.
Спортшы барлығы үш медаль жеңіп алды. Белтемірде үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Еркін бағдарламада – күміс, ал қолды тіреп секіру сайысында қола медальге ие болды.
Ал тағы бір гимнаст Нариман Құрбанов күміс медаль жеңіп алды.
Жаңалықтар
0