Жүгіруден Jüregımnıñ Jenımpazy жарысы: Астанада бірқатар көше жабылады

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Астанада өтетін "Jüregımnıñ Jenımpazy" қайырымдылық жарысы аясында бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
© Photo : Пресс-служба акима АстаныJüregımnıñ Jenımpazy жарысы кезінде қандай көшелер жабылады
Какие улицы перекроют в Астане  для забега Jüregımnıñ Jenımpazy - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2023
Jüregımnıñ Jenımpazy жарысы кезінде қандай көшелер жабылады
Жарыс 6 тамызда өтеді. Таңғы сағат 8:00-ден 10:00-ге бірнеше көшенің учаскелері жабылады. Олар:
Ақмешіт көшесінен бастап ЭКСПО аумағын толық айналып өту;
Түркістан көшесі Ұлы-Дала көшесінен Абу-Даби Плаза ғимаратына дейін;
Ақмешіт көшесі – Абу-Даби Плаза ғимаратынан ЭКСПО алаңына дейін;
Ұлы Дала көшесінің бойындағы Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесінің аралығы.
Айта кетері, қайырымдылық жарысын "Жүрек орталығы" қоры ұйымдастырып отыр. Іс-шара Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясының күніне арналған.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырамыз", - дейді әкімдік мамандары.
Жаңалықтар
0