https://sputnik.kz/20230805/aqkenttegi-ort-premer-ministr-uydi-zhondeu-zhumystaryn-zhedeldetudi-tapsyrdy-37300885.html
Ақкенттегі өрт: Смайылов үйді жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Ақкенттегі өрт: Смайылов үйді жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінде болған өрттің салдарын жою мәселесі қаралды. 05.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-05T12:40+0500
2023-08-05T12:40+0500
2023-08-05T12:58+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/05/37300018_0:21:1280:741_1920x0_80_0_0_9ed173d29751002c2571c3eb7691412e.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінде болған өрттің салдарын жою мәселесі қаралды.Премьер-министр көпқабатты ғимаратта болған өрттен 42 адам зардап шеккенін айтып, үкімет атынан қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың айтуынша, 16 қабатты үйдің кіреберісіндегі түтін туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына дереу екі бөлімше жіберілген. Қаладағы көлік кептелісіне қарамастан, алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жеткен. 30 минут ішінде ол жерге 15 техника мен жеке құрамнан 75 адам жиналды.Өрт сөндірушілер 80 адамды, оның ішінде 35 адамды арнайы құтқару бас киімінің көмегімен құтқарып қалды. Жалпы өрт сөндіру жұмыстары бір жарым сағатқа созылды. 4 тамыздағы жағдай бойынша 5 адам медициналық мекемелерде стационарлық ем шараларын қабылдап жатыр.Өрт сөндірушілер қандай кедергіге тап болғанМинистр өрт сөндірушілер жұмысы бірқатар факторға байланысты күрделене түскенін айтты. Мәселен, аула ішіне қойылған автокөліктердің себебінен өрт сөндіру техникасына оқиға орнына қарай өту қиынға соққан. Сондай-ақ балкондардағы шұғыл эвакуациялауға арналған апаттық люктер жабық болған.Өрттің себептерін анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.Тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары қалай жүргізіп жатырАлматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Атап айтқанда, кіреберістер мен зардап шеккен пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ тұрғындарды уақытша басқа жерге орналастыру (пәтер жалдау) бойынша шығындарды өтеу көзделген.Премьер-министр көпқабатты үйлерде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын өзектендіріп, сондай-ақ тұрғын үй инспекцияларының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті."Төтенше жағдайлар министрлігі өткізіліп жатқан оқу-жаттығулар аясында халықтың өрт кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс", — деді үкімет басшысы.Сонымен қатар премьер-министр барлық өңірде үй орамдарының инфрақұрылымын дайындау және оларды абаттандыру кезінде шұғыл қызметтердің қозғалысын да ескеру қажеттігін атап өтті, өйткені "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде ауладағы автомобильдер мен биік бордюрлар өрт сөндіру техникасының жұмысына кедергі келтірді.Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов тұрғындарды үйлеріне тезірек қайтару үшін қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді, өртке қарсы талаптарды сақтау бойынша жаңа көпқабатты үйлерге тексеру жүргізуді, сондай-ақ республика бойынша төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінде жыл сайын техника жаңарту кезінде биік ғимараттарда жұмыс істеу үшін арнайы техника қажеттілігін ескеруді тапсырды.
https://sputnik.kz/20230804/aqkenttegi-ort-darigerler-zardap-shekkenderdin-zhagdayy-turaly-aqparat-zhariyalady-37283085.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/05/37300018_132:0:1148:762_1920x0_80_0_0_e1f334e02585b972d34da8e8c7ecf905.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінде болған өрттің салдарын жою мәселесі қаралды.
Премьер-министр көпқабатты ғимаратта болған өрттен 42 адам зардап шеккенін айтып, үкімет атынан қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың айтуынша, 16 қабатты үйдің кіреберісіндегі түтін туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына дереу екі бөлімше жіберілген. Қаладағы көлік кептелісіне қарамастан, алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жеткен. 30 минут ішінде ол жерге 15 техника мен жеке құрамнан 75 адам жиналды.
Өрт сөндірушілер 80 адамды, оның ішінде 35 адамды арнайы құтқару бас киімінің көмегімен құтқарып қалды. Жалпы өрт сөндіру жұмыстары бір жарым сағатқа созылды. 4 тамыздағы жағдай бойынша 5 адам медициналық мекемелерде стационарлық ем шараларын қабылдап жатыр.
Өрт сөндірушілер қандай кедергіге тап болған
Министр өрт сөндірушілер жұмысы бірқатар факторға байланысты күрделене түскенін айтты. Мәселен, аула ішіне қойылған автокөліктердің себебінен өрт сөндіру техникасына оқиға орнына қарай өту қиынға соққан. Сондай-ақ балкондардағы шұғыл эвакуациялауға арналған апаттық люктер жабық болған.
Өрттің себептерін анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.
Тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары қалай жүргізіп жатыр
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Атап айтқанда, кіреберістер мен зардап шеккен пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ тұрғындарды уақытша басқа жерге орналастыру (пәтер жалдау) бойынша шығындарды өтеу көзделген.
Премьер-министр көпқабатты үйлерде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын өзектендіріп, сондай-ақ тұрғын үй инспекцияларының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.
"Төтенше жағдайлар министрлігі өткізіліп жатқан оқу-жаттығулар аясында халықтың өрт кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс", — деді үкімет басшысы.
Сонымен қатар премьер-министр барлық өңірде үй орамдарының инфрақұрылымын дайындау және оларды абаттандыру кезінде шұғыл қызметтердің қозғалысын да ескеру қажеттігін атап өтті, өйткені "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде ауладағы автомобильдер мен биік бордюрлар өрт сөндіру техникасының жұмысына кедергі келтірді.
Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов тұрғындарды үйлеріне тезірек қайтару үшін қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді, өртке қарсы талаптарды сақтау бойынша жаңа көпқабатты үйлерге тексеру жүргізуді, сондай-ақ республика бойынша төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінде жыл сайын техника жаңарту кезінде биік ғимараттарда жұмыс істеу үшін арнайы техника қажеттілігін ескеруді тапсырды.