Қыз алып қашу қылмыс санатына жатқызылады

CC0 / / Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Қылмыстық кодекске қыз алып қашу әрекеті бойынша арнайы тармақ енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 2019 жылдан бері адам ұрлаудың 214 фактісі тіркелген. Бірақ некеге тұру мақсатында қыз ұрлау бойынша нақты мәлімет жоқ. Себебі Қылмыстық кодексте мұндай құқық бұзушылықтың жеке құрамы көрсетілмеген. Статистика да жүргізілмейді.
"Некеге тұру үшін қыз ұрлау тәжірибесі елімізде, әсіресе оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда мұндай әрекет жыныстық тұтастықты бұзуға, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға, заңсыз бас бостандығынан айыруға және тіпті өз-өзіне қол жұмсауға да әкеледі.
Ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар сынды стереотиптерді басшылыққа алып, жоғарыда аталған оқиғалар жайында хабарламау жағдайды ушықтырып барады. Жастар қылмыстық жауапкершілік туралы білмейді", - дейді мамандар.
Бүгінде БҰҰ да ерте және мәжбүрлі некені жою мақсатында тиімді шараларды қабылдауға үндеп отыр. Қырғызстан, Өзбекстан мен Түрікменстанда әйелдерді некеге мәжбүрлеп тұрғызу мақсатында ұрлауға қатысты жеке бап бар.
Қазақстанның Адам құқығы жөніндегі уәкілі Қылмыстық кодекске "Неке қию мақсатында адамды ұрлау" деген 125-1 бапты енгізуді ұсынып отыр.
Девушка идет по дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2020
Қоғам
Алматы облысында қыз алып қашқан бес жігіттің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар
0