https://sputnik.kz/20230804/qazaqstan-ukimeti-qytaymen-vizasyz-rezhim-turaly-kelisimdi-bekitti-37289923.html
Қазақстан үкіметі Қытаймен визасыз режим туралы келісімді бекітті
Қазақстан үкіметі Қытаймен визасыз режим туралы келісімді бекітті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Қытаймен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімді бекіту туралы... 04.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-04T17:24+0500
2023-08-04T17:24+0500
2023-08-04T17:24+0500
қазақстан
қытай
виза
https://sputnik.kz/img/246/73/2467326_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_edc9a4ae59e2946665c8559f67bb0e07.jpg
АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Қытаймен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімді бекіту туралы қаулысына қол қойды, тиісті құжат нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкінде жарияланды.Құжатқа сәйкес, екі елдің азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге визасыз сапарлай алады.Жалпы, оларға алты ай ішінде 90 күнтізбелік күн визасыз болуға рұқсат етіледі. Демек, 30 күннен жарты жылда үш рет кіруге болады.Келісімнің мәтініне сәйкес, ол уағдаласушы тараптардың қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кейін күшіне енеді.Қазақстан мен Қытай 17 мамырда визалық талаптардан өзара босату туралы келісім жасасты.
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/246/73/2467326_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_1ffebad5eba6cf473df3b2e4fcb2be87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, виза
Қазақстан үкіметі Қытаймен визасыз режим туралы келісімді бекітті
АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Қытаймен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімді бекіту туралы қаулысына қол қойды, тиісті құжат нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкінде жарияланды.
Құжатқа сәйкес, екі елдің азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге визасыз сапарлай алады.
Жалпы, оларға алты ай ішінде 90 күнтізбелік күн визасыз болуға рұқсат етіледі. Демек, 30 күннен жарты жылда үш рет кіруге болады.
"2023 жылғы 17 мамырда Сианда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы қоса беріліп отырған келісім бекітілсін", - делінген келісімде.
Келісімнің мәтініне сәйкес, ол уағдаласушы тараптардың қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан мен Қытай 17 мамырда визалық талаптардан өзара босату туралы келісім жасасты.