Инфографика

ЕАЭО мен Африка арасындағы сауда-саттық

Жазылу
ЕАЭО, ҰҚШҰ мен ШЫҰ Африка елдерімен ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр.
2022 жылы ЕАЭО-ның Африка мемлекеттерімен арадағы тауар айналымы 3,5 процентке артқан. Ал осы жлдың алғашқы төрт айында 15,5 процентке өсті.
Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы Алексей Зубецтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ пен Африка еркін сауда аймағын құрған жағдайда ЕАЭО елдері өз экспортын ұлғайта алады. Соның ішінде агроөнеркәсіп өнімдерінің жеткізу көлемі айтарлықтай өседі. Осылайша, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін де нығайтуға болады.
"Беларусь пен Ресей ауыл шаруашылығының құрал-жабдықтарын экспорттап, автомобиль өндірісі мен ірі энергетикалық жобаларды дамыта алады", - дейді сарапшы.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы Михаил Мясникович Африкаға еуразиялық бизнес-миссияны жіберуді ұсынды. Ал жұмыс қорытындысы бойынша сол жақта технологияларды дамыту жобасын әзірлеуге болады.
Оның айтуынша, сауда-саттықты ғана емес, технологиялық трансферді де дамытуға болады. Атап айтқанда, өндірістік нысандарды құрып, маман даярлауға, білім-ғылым бағдарламаларын іске асыруға, тіпті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жаңалықтарды да экспорттауға мүмкіндік бар.
Жаңалықтар
0