https://sputnik.kz/20230804/auaga-aqsha-tolep-otyrmyz-batyr-auylynyn-turgyndary-sheneunikterdin-uadesinen-sharshady-37275455.html
"Ауаға ақша төлеп отырмыз": Батыр ауылының тұрғындары шенеуніктердің уәдесінен шаршады
"Ауаға ақша төлеп отырмыз": Батыр ауылының тұрғындары шенеуніктердің уәдесінен шаршады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында Батыр ауылының тұрғындары судың орнына ауаға ақша төлеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына... 04.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-04T10:30+0500
2023-08-04T10:30+0500
2023-08-04T10:30+0500
ауыз су
https://sputnik.kz/img/156/60/1566090_0:386:1645:1311_1920x0_80_0_0_e11b4dbdadfb8817a79986eca77fd066.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында Батыр ауылының тұрғындары судың орнына ауаға ақша төлеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.Бес жыл бұрын тартылған құбырмен аптасына екі мәрте су келуі керек болған. Бірақ соңғы үш жыл бойы бір тамшы да ақпаған. Бірақ судың төлемі ай сайын келіп тұрады. Соның өзі әркімге әрқалай жіберіледі. Біреулер мың жарым теңге төлесе, келесі үйден үш мың теңгені талап етеді.Ал су таситын көліктер төрт текше метр суға 10 мың теңге алады. Тұрғындар су тапшылығы қолдан жасалып отыр деп сайнады. Бұған дейін әкімдердің қатысуымен бірнеше рет жиналыс өткен. Бірақ мәселе шешілген жоқ.Шенеуніктер Мұнайлы ауданында жазда су мәселесі күрт қиындайтынын айтады. Толық қажетті өтеуге 22 мың текше метр су қажет. Қазір оның жартысынан астамы ғана келіп жатыр."20 шілдеден бастап ауданда берілетін су көлемі 14 мыңға көбейтілді. Батыр ауылына құбырмен беріп отырғанбыз, осыған дейін, құбырдан аз келуіне байланысты бере алмай қалдық. Енді 14 мың текше метрді жеті ауылға бөліп беріп жатырмыз", - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаев.Жауапты басшылар осы аптадан қалмай, суды кестеге сәйкес, яғни жетісіне екі күн береміз деп уәде етті. Бірақ халық сенбей отыр. Өйткені ондай уәдені соңғы үш жылда түрлі басшыдан естіген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/156/60/1566090_0:231:1645:1465_1920x0_80_0_0_3eff38f9c68d2a89a887d6fcb486cf1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыз су
"Ауаға ақша төлеп отырмыз": Батыр ауылының тұрғындары шенеуніктердің уәдесінен шаршады
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында Батыр ауылының тұрғындары судың орнына ауаға ақша төлеп отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан КТК арнасына
сілтеме жасап.
Бес жыл бұрын тартылған құбырмен аптасына екі мәрте су келуі керек болған. Бірақ соңғы үш жыл бойы бір тамшы да ақпаған. Бірақ судың төлемі ай сайын келіп тұрады. Соның өзі әркімге әрқалай жіберіледі. Біреулер мың жарым теңге төлесе, келесі үйден үш мың теңгені талап етеді.
"Есептегіш ауамен айналады, алмаған суымызға, ауаға ақша төлеп отырмыз. "Маңғыстау жылуға" барсаң, бәрібір төлеу керек, міндетті деп айтады. Әне, есептегіш құрал су келгенде ауамен айналады", - дейді тұрғындар.
Ал су таситын көліктер төрт текше метр суға 10 мың теңге алады. Тұрғындар су тапшылығы қолдан жасалып отыр деп сайнады. Бұған дейін әкімдердің қатысуымен бірнеше рет жиналыс өткен. Бірақ мәселе шешілген жоқ.
Шенеуніктер Мұнайлы ауданында жазда су мәселесі күрт қиындайтынын айтады. Толық қажетті өтеуге 22 мың текше метр су қажет. Қазір оның жартысынан астамы ғана келіп жатыр.
"20 шілдеден бастап ауданда берілетін су көлемі 14 мыңға көбейтілді. Батыр ауылына құбырмен беріп отырғанбыз, осыған дейін, құбырдан аз келуіне байланысты бере алмай қалдық. Енді 14 мың текше метрді жеті ауылға бөліп беріп жатырмыз", - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаев.
Жауапты басшылар осы аптадан қалмай, суды кестеге сәйкес, яғни жетісіне екі күн береміз деп уәде етті. Бірақ халық сенбей отыр. Өйткені ондай уәдені соңғы үш жылда түрлі басшыдан естіген.