Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Модернизацияланған МиГ-31 жойғыш ұшақтарының мүмкіндіктері қандай

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуСамолет МиГ-31 во время учебно-тренировочных полетов, архивное фото
Самолет МиГ-31 во время учебно-тренировочных полетов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2023
Жазылу
Бесінші буындағы шабуылдау ұшақтары пайда болғанына қарамастан, "ғарыштық" титан корпусында әзірленген ресейлік МиГ-31 ауыр жойғыш-тежегіш әскери ұшағы әлемдегі ең қуатты жауынгерлік әуе кемесі болып қала береді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Қару-жарақ пен борттық радиолэлектронды жабдықты жаңарту МиГ-31БМ модификациясының тиімділігін үш есеге жуық арттыруға мүмкіндік берді.
31 шілдеде Ресей әскери-ғарыш күштері 320 киломтерге дейінгі қашықтықтағы нысаналарды анықтауға және "әуе-әуе" зымырандарының жаңа түрлерін басқаруға арналған МиГ-31 жойғыш-тежегіш ұшақтарының партиясын алды. Бұл партиядағы ұшақтар заманауи электроникамен жабдықталған, яғни, модернизацияланған. Олардың саны нақты қаншаекені айтылмағанымен, 1994 жылға дейін 500-ден астам МиГ-31 жойғыш ұшағы шығарылғаны белгілі және 350-ге жуық технкиа Ресей әскери-ғарыш күштерінде қызмет етеді.
"100-ден астам машина МиГ-31БМ/БСМ нұсқасына дейін ("Заслон-М" радары бар) жаңартылды. 2024 жылға қарай 114 дана МиГ-31 жойғыш-тежегіш ұшағын, содан кейін қалған бөлігін жаңарту жоспарлануда. 2021 жылдың жазында Ресей қорғаныс министрлігі мен "МиГ" ресейлік авиажасау компаниясы екі мемлекеттік келісімшартқа қол қойды. Олар қатардағы жауынгерлік жойғыш ұшақтарды МиГ-31БМ деңгейіне дейін және "Кинжал" гипердыбыстық зымырандарын тасымалдаушы МиГ-31К ұшақтарын жаңғыртуды қамтиды", - деп жазды Хроленко.
МиГ-31 ұшақтарының алғашқы модификацияларында командир мен штурманда тек өзара сөйлесу құрылғысы ғана болды. Ал бүгінгі күні кабиналарда тактикалық, навигациялық, радиолокациялық және басқа да деректері бар жоғары ақпараттық СК-экрандар қарастырылған. Жаңа қару-жарақ пен жабдық тежегіш ұшақтың мүмкіндіктерін кеңейтеді, МиГ-31БМ машинасын көп функциялы ұрыс платформасына айналдырады. Өз ерекшеліктері бар әскери-теңіз флотының теңіз авиациясы да МиГ-31БМ техникасын белсенді түрде меңгеріп жатыр.
МиГ-31БМ ауыр жойғыш-тежегіш ұшағы 21 шақырымға дейінгі биіктікте 3000 км/сағ жылдамдыққа дейін қарқынын үдете алады. Ол 100 метрден 30 километрге дейінгі биіктік диапазонында жер аясындағы 320 шақырымға дейінгі қашықтықта әуе нысандарын анықтауға және 280 шақырымға дейінгі қашықтықта жоюға қабілетті. Төрт МиГ-31БМ жойғыш ұшағы 900 шақырымға дейінгі қашықтықта майдан аумағында әскерді сенімді түрде қорғай алады. Бұл әскери ұшақтың ұшу-тактикалық сипаттамалары оның жауынгерлік қабілеттерінің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
Бес тоннаға дейінгі пайдалы жүк және 46 тоннадан астам ұшу салмағы МиГ-31 машинасына Ту-134 азаматтық әуе лайнерінің деңгейіндегі ұшақтар санатында болуға мүмкіндік береді, деп жазды сарапшы. Ең ауыр америкалық F-15EX Eagle II және F-22A Raptor жойғыш ұшақтарының ұшу салмағы сәйкесінше 37 және 38 тоннаны құрайды.
"Отыз бірінші" ұшақтың негізгі мақсаты – әуе нысандарын тежеу және жою. Бұл істе оның теңдесі жоқ. МиГ-31БМ әскери ұшағы 90 пайыздан астам тиімділікпен қанатты зымырандарды тежеуге және жоюға қабілетті әлемдегі жалғыз сериялық жойғыш ұшақ болып саналады.
30 шілдеде америкалық Military Watch журналы үлкен МиГ-31 бортына ұзақ қашықтыққа ұшатын алты "әуе-әуе" зымыранын (R-37M) және тағы алты стандартты зымыранды (R-33C) сыятынын хабарлады. "400 километрге дейінгі қашықтық" мүмкіндігі бар Р-37M зымырандары 6 Мах гипердыбыстық жылдамдықпен ұшады. Military Watch журналы МиГ-31К арнайы әскери операция барысында Киевтегі америкалық Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жою үшін пайдаланған Х-47M2 зымырандарын (жылдамдығы 10 Махтан асады) да тиімді деп атады.
Ресей "Кинжалды" қақтығыс даласында алғаш рет 2022 жылдың наурыз айында Украинаның батысындағы Украина Қарулы күштерінің стратегиялық жерасты арсеналын бір соққымен жою кезінде қолданды. МиГ-31К жойғыш ұшағының модификациясы ұшыру нүктесінен 2000 километрден астам қашықтықта жердегі нысанаға жоғары дәлдікпен соққы беруге арналған. Батыста гипердыбыстық "Кинжал" зымыраны "әлемдегі ең қуатты тактикалық зымыран" болып саналады.
Жаңалықтар
0