Ауғанстан арқылы өтетін қазақстандық жүктерге алымның кесімді мөлшерлемесі белгіленеді

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан-Ауғанстан бизнес форумы аясында бірқатар келісімшарт пен меморандумға қол қойылды
Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумы аясында бірқатар келісімшарт пен меморандумға қол қойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстан Ауғанстан арқылы өтетін сусыма жүктердің транзитіне кесімді мөлшерлеме белгіленгенін қалайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Астанада Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумы басталды. Оған Ауғанстанның коммерция және индустрия министрі Нұриддин Азизи де келді.
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, форум кезінде қазақстандық жүктерге алымның кесімді мөлшерлемесін белгілеу мәселесі де талқыланады.

"Бүгін біз Азизи мырзамен, ауған үкіметімен сөйлесіп жатырмыз. Қазақстаннан жөнелтілген сусыма жүктердің транзитіне кесімді мөлшерлеменің болғанын қалаймыз. Себебі ең қысқа маршрут Ауғанстан арқылы өтеді", - деді Жұманғарин.

Оның айтуынша, алдағы уақытта екі елдің тауар айналымын 3 миллиард долларға арттыру жоспарланып отыр.
"Ол үшін Ауғанстанның батысына және солтүстік-батысына Түрікменстан арқылы өтетін баламалы маршрутты әзірледік. Бұл бағыт Андхой мен Тургунди арқылы өтеді. Біз үшін Ауғанстан Қазақстанды Пәкістан, Үндістан мен Шығыс елдерімен байланыстыратын алтын көпір іспетті. Пәкістаннан алғашқы жүк көліктері келіп үлгерді", - деп атап өтті Жұманғарин.
Ал "Ghazanfar Group" компаниясы қазақстандық кәсіпкерлерге Хайратондағы портта бір жылға тегін орын беруге дайын. Сондай-ақ Мазари-Шарифте бір жылға тегін кеңсе ашуға мүмкіндік бар.
Жаңалықтар
0