"Алтын бұйымдарын сатуға шыққан": Түркістанда 38 жастағы әйел жоғалды

© Photo : СС0 / Adam_TumidajewiczПрогулка
Прогулка - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында әйел адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
38 жастағы әйел 31 шілдеде сағат 11:00 шамасында үйінен Дихан ауылына шығып, содан қайтып оралмаған.
"Әйелді іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы бірден бағыт алды. Әйелдің белгілері жазылған, фотосуреттері бар ақпарат барлық қалалық және аудандық ПБ-гн жіберілді. Жергілікті тұрғындардан құрылған еріктілермен бірге әйелдің баруы мүмкін барлық жақын аумақтар тексеріліп жатыр", - дейді полиция.
Жоғалған әйелдің бойы 160 см, орта денелі, шашы ұзын қара түсті. Үстіне қызыл көйлек, ақ түсті жазғы аяқ киім киген. Қызыл сөмкесі мен ұялы телефоны болған.
"Жоғалған тұрғынның туыстарынан сұрау барысында, оның құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды. Содан әйелдің 1 тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды", - дейді ведомство.
Егер Гүлсім Наржігітова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондары бойынша хабар беруіңізді сұраймыз, дейді полициядағылар.
Жаңалықтар
0