https://sputnik.kz/20230803/almatylyq-balalar-darigerleri-italya-mamandarymen-birge-11-balaga-ota-zhasady-37264397.html
Алматылық балалар дәрігерлері Италия мамандарымен бірге 11 балаға ота жасады
Алматылық балалар дәрігерлері Италия мамандарымен бірге 11 балаға ота жасады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері Италиядан келген кардиохирургтармен бірлесіп 11 баланың... 03.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-03T15:11+0500
2023-08-03T15:11+0500
2023-08-10T12:26+0500
алматы
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e7/08/03/37264095_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_53e8aaf4cd1cc5e9a5e352a587f13c6e.jpg
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері Италиядан келген кардиохирургтармен бірлесіп 11 баланың жүрегіне ота жасады, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.Оның ішінде 5 операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүргізілді.Тағы бір күрделі операция Алматы облысынан келген 2 жасар қызға жасалды. Ол трикуспидті жеткіліксіздікпен бірге жүретін туа біткен жүрек ақауынан зардап шеккен."Бала қатты шаршайды, әлсіз. ЖРВИ-мен жиі ауыратын. Тұрақты негізде тексерілуге мүмкіндік болмады, өйткені біз облыс аумағында тұрамыз", - дейді бүлдіршіннің әжесі.Жергілікті кардиохирургтар қызға екінші операцияны Италиядан келген мамандармен бірге жасады. Операция МӘМС аясында тегін жүргізілді."Бұл 4 сағатқа созылған күрделі операциялардың бірі болды. Қызда жүрек ақауынан басқа бірнеше басқа аурулар болған. Біз трикуспидті қақпақшаны пластиктеу және жүрек-өкпеде жасанды қан айналымы арқылы стенозды жою үшін операция жасадық", - дейді Геннадий Нигай.Жергілікті кардиохирургтар тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жүректі бейнелеудің озық технологияларымен жеке танысуға және операциялық емдеудің әртүрлі әдістерін үйренуге мүмкіндік алды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/03/37264095_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_8d5e52c1a447a5fc2614a8c923e03fcf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, дәрігер
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері Италиядан келген кардиохирургтармен бірлесіп 11 баланың жүрегіне ота жасады, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.
Оның ішінде 5 операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүргізілді.
"Ең кішкентай науқас 26 күн, ал ең үлкені 8 жаста болды. Олардың ішінде бір жаңа туған нәресте ауыр жағдайға тап болды, дәрігерлер алғаш рет жүрек ақауын анықтады. Қазіргі уақытта операциядан кейін науқастың жағдайы тұрақты-қанағаттанарлық", - дейді балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Геннадий Нигай.
Тағы бір күрделі операция Алматы облысынан келген 2 жасар қызға жасалды. Ол трикуспидті жеткіліксіздікпен бірге жүретін туа біткен жүрек ақауынан зардап шеккен.
"Бала қатты шаршайды, әлсіз. ЖРВИ-мен жиі ауыратын. Тұрақты негізде тексерілуге мүмкіндік болмады, өйткені біз облыс аумағында тұрамыз", - дейді бүлдіршіннің әжесі.
Жергілікті кардиохирургтар қызға екінші операцияны Италиядан келген мамандармен бірге жасады. Операция МӘМС аясында тегін жүргізілді.
"Бұл 4 сағатқа созылған күрделі операциялардың бірі болды. Қызда жүрек ақауынан басқа бірнеше басқа аурулар болған. Біз трикуспидті қақпақшаны пластиктеу және жүрек-өкпеде жасанды қан айналымы арқылы стенозды жою үшін операция жасадық", - дейді Геннадий Нигай.
Жергілікті кардиохирургтар тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жүректі бейнелеудің озық технологияларымен жеке танысуға және операциялық емдеудің әртүрлі әдістерін үйренуге мүмкіндік алды.