Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина әскерінің қарсы шабуылы әлі де сәтсіз жүріп жатыр

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуРабота расчёта БЛА Орлан-30 по разведке и обнаружению противника
Работа расчёта БЛА Орлан-30 по разведке и обнаружению противника  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Жазылу
Батыстағы БАҚ-тың украиналық әскердің "баяу, бірақ сенімді" шабуылы туралы жазғанына қарамастан, арнайы әскери операция аймағындағы іс-қимылдар мүлде басқаша өрбіп жатыр. Шындығында, Украина Қарулы күштері екі ай бойы адам күші мен техниканың үлкен шығынына тап болып, ауыр жеңіліске ұшырады.
Ресей әскері бірнеше бағытта алға жылжып, елді мекендерді азат етуде және қарсы тараптың операциялық тылының бүкіл тереңдігінде, Польша мен Румынияның шығыс шекараларына дейін белсенді түрде аралас соққы беріп жатыр.
4 маусымнан бері Украина армиясы арнайы әскери операция аймағында 26 мыңнан астам сарбазынан айырылды, оның ішінде НАТО нұсқаушылары дайындағандар да бар. Екі айдың ішінде Украина Қарулы күштерінің 400-ден астам танкі ресейлік оқтан өртенді, оның үштен екісі – батыстық техника. Америкалық ондаған Bradley жаяу әскердің жауынгерлік машинасын қоса алғанда 900-ден астам басқа броньдалған тасымалдаушы техника жойылды. Украинаның Бахмутты қайтарып алу бойынша әрекеттерінің барлығы сәтсіз аяқталды, Запорожье бағытындағы шабуыл әрекеті тоқтап қалды.
Ресей әскерінің майданның Сватово-Кременная-Купянск учаскесіндегі ілгерілеуі Украина Қарулы күштерінің қолбасшылығын резервтерді солтүстікке, Харьков облысына шоғырландыруға және сол арқылы Мелитополь және Бердянскке бағытталған оңтүстіктегі әскер тобын әлсіретуге мәжбүр етті. Батысты 155 миллиметрлі артиллериялық снарядтардың орны толмас тапшылығы және алдағы бес жылда арсеналдарды толықтырудың мүмкін еместігі алаңдатады.
"Украина Қарулы күштерінің Батыс жариялаған "қарсы шабуылының" екінші кезеңінің басталуы бірінші шабуылдың сәтсіздігінен еш айырмашылығы жоқ. 31 шілдеде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 26-27 шілдеде Запорожье бағытындағы Работино ауылы аумағында Украина Қарулы күштері 400 сарбазынан, 30-дан астам танктен және 30-дан басқа броньдалған машинасынан айырылғанын айтты", - деп жазды Хроленко.
31 шілдеге қараған түні Ресей әскері жаудың Харьков, Херсон, Славянск, Краматорск қалаларындағы қарсы тараптың нысандарына, сондай-ақ Орехов, Запорожье облысы және Днепропетровсктегі Украина Қарулы күштерінің резервтеріне біріккен соққы жасады. Одесса, Николаев, Очаков, Измаил, Рени қалаларында Украина Қарулы күштерінің порттық инфрақұрылымы жойылды.
Киев режимі Ресей Қарулы күштерінің бақылауында болған және әлі де бақылауында тұрған Старомайорский ауылының маңындағы жетістіктер туралы мерзімінен бұрын хабарлап қойды. Сватовский ауданында Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері Новоегоровка және Надежда ауылдары арасындағы аумақтан күштеп шығарылды. Ресейдің Лиманск бағытындағы шабуылы екі күн ішінде Луганск Халық Республикасы мен Харьков облысының түйіскен жерінде 12 километр алға және қарсы тарапт қорғанысының 3 километр тереңдігіне өтуге мүмкіндік берді.
4 маусымнан бастап Украина Қарулы күштерінің негізгі күштері Запорожье бағытында шоғырланды. Азов теңізі мен Қырымға жылдам қол жеткізуден басқа, Энергодарға тактикалық десант түсіру, яғни Запорожье атом электр станциясын басып алу жоспарланған. Алайда украин әскерінің күштері, құралдары мен дайындығы бастапқыда қойылған міндеттердің ауқымы мен күрделілігіне сәйкес келмеді. Көп деңгейлі барлау, соққы ұшақтары, артиллерия және үнемі толықтырылатын мина алаңдарының басымдығымен жасақталған Ресейдің қорғанысы НАТО әскерімен тікелей соқтығысу ықтималдылығы бойынша дайындалған.
Америкалықтар Украинада ресейлік бақылау кеңейіп жатқанын түсініп, ендігі жерде "Абрамс" танктерін және төртінші буынға жататын F-16 жойғыш ұшақтарын жеткізуді тездетуге ниетті. Ресей әскери-ғарыш күштерімен сандық теңдікке қол жеткізу үшін батыстық одақтастар Украина Қарулы күштеріне 100 миллиард доллар тұратын 1000-ға жуық америкалық жойғыш ұшақ жеткізуі керек. Бұл оқ-дәрі құнын, ұшқыштар мен техник мамандарды даярлауды есептемегендегі шығын.
Ресей президенті Владимир Путин жақында өткен "Ресей – Африка" саммитінде Мәскеу НАТО-мен тікелей қақтығысты қаламайтынын, бірақ оған дайын екенін айтты. Бұл жай сөз емес, деп жазды Хроленко. Себебі Ресей армиясы өзінің күші мен жауынгерлік тиімділігін арттырып, қорғаныс өнеркәсібі қару-жарақ пен оқ-дәрілер өндірісін бір жылда 10 еседен астамға ұлғайтты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0