Түркістан облысында 11 жастағы жеткіншек зираттағы суреттерді бояп тастаған

CC0 / Pixabay.com/Vzsuzsi / Краска на пальцах
Краска на пальцах - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны өз бейнежазбасында зираттағы адамдар бейнесі бейнеленген көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағанын жеткізген.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Теріс қылықты жасаған 11 жасар кентаулық жасөспірім екені анықталды.
Белгілі болғандай, жеткіншектің үйі зират маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала, мазараттан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамдардың көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан. Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады.
Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0