https://sputnik.kz/20230802/shymkentte-bilim-basqarmasynyn-lauazymdy-tulgalary-sottaldy--37228327.html
Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды
Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласында білім басқармасының лауазымды тұлғалары жүйелі жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы... 02.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-02T09:21+0500
2023-08-02T09:21+0500
2023-08-02T09:22+0500
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласында білім басқармасының лауазымды тұлғалары жүйелі жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында білім басқармасының мамандары А. Шиндаулов пен М. Мейірбековтің ісі қаралды. Бұдан бөлек, сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20230728/mangystauda-76-mln-tenge-byudzhet-qarazhatyn-zhymqyrgan-mektep-esepshisi-sottaldy-37072112.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот үкімі
Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды
09:21 02.08.2023 (жаңартылды: 09:22 02.08.2023) АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласында білім басқармасының лауазымды тұлғалары жүйелі жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында білім басқармасының мамандары А. Шиндаулов пен М. Мейірбековтің ісі қаралды.
"Олар субсидиялау шарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомада мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан жүйелі негізде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Екеуі де 36 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.