https://sputnik.kz/20230802/shoshqa-fermasyndagy-4-adamnyn-olimi-politsiya-aldyn-ala-sebebin-aytty-37232427.html
Шошқа фермасындағы 4 адамның өлімі: полиция алдын ала себебін айтты
Шошқа фермасындағы 4 адамның өлімі: полиция алдын ала себебін айтты
Sputnik Қазақстан
ПЕТРОПАВЛ, 2 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа өсіру фермасындағы төрт жұмысшының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды... 02.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-02T11:19+0500
2023-08-02T11:19+0500
2023-08-09T16:01+0500
солтүстік қазақстан облысы
өлім
https://sputnik.kz/img/old/943/14/9431444_8:0:1373:768_1920x0_80_0_0_2f50d02ccee14fee06fdf338673dd3ec.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 2 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа өсіру фермасындағы төрт жұмысшының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полициягның баспасөз қызметі.1 тамыз сағат 23:25-те Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының полиция бөліміне Новоивановка ауылында орналасқан шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң төрт жұмысшы шықпағаны туралы хабарлама келіп түскен.Аталған факті Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі “Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.Оқиға орнында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Айдарбек Сапаров, әкімнің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров пен Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов жағдайды бақылауда.
https://sputnik.kz/20230802/soltustik-qazaqstanda-shoshqa-fermasynda-tort-adam-koz-zhumdy--37230152.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/943/14/9431444_178:0:1202:768_1920x0_80_0_0_3f43eba0798c25ff5abf24508d772d9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, өлім
солтүстік қазақстан облысы, өлім
Шошқа фермасындағы 4 адамның өлімі: полиция алдын ала себебін айтты
11:19 02.08.2023 (жаңартылды: 16:01 09.08.2023) ПЕТРОПАВЛ, 2 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы шошқа өсіру фермасындағы төрт жұмысшының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полициягның баспасөз қызметі.
1 тамыз сағат 23:25-те Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының полиция бөліміне Новоивановка ауылында орналасқан шошқа өсіру кешеніндегі жұмыс орнынан ауысым аяқталған соң төрт жұмысшы шықпағаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Іздестіру шаралары барысында олардың денелері осы кешендегі кәріз құдығының түбінен табылды. Алдын ала анықталғандай, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған. Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - делінген полиция хабарламасында.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі “Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.
Істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
Оқиға орнында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Айдарбек Сапаров, әкімнің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров пен Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов жағдайды бақылауда.