Қарағандыда уланған балалардың төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды

© Photo : Пресс-служба министерства здравоохранения Казахстана Ажар Гиният в Караганде посетила пострадавших от отравления детей в Инфекционном центре областной клинической больницы
Ажар Гиният в Караганде посетила пострадавших от отравления детей в Инфекционном центре областной клинической  больницы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысында уланып өқалған балалардың жағдайымен танысты
ҚАРАҒАНДЫ, 2 тамыз - Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жаппай уланған балалар жатқан Қарағнды облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығына барды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Төрт пациент ауыр жағдайда қарқынды реанимация бөлімшесінде жатыр. Олардың барлығы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Осы клиникада 10-15 жас аралығындағы тағы бес бала нейробоксирленген бөлімшеге жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Одан әрі ведомство басшысы жансақтау бөлімшесінде медициналық-әлеуметтік мекемеден түскен тағы екі пациент жатқан қалалық балалар ауруханасына барды.
Мамандардың айтуынша, анықталған санитариялық-гигиеналық бұзушылықтар балалардың жекелеген тобының жіті ішек инфекцияларын тудыруы мүмкін емес.
"Пациенттердегі клиникалық белгілер тамақтан улануға ұқсамайды. Мұнда қайта-қайта құсу, іштің жиі өтуі, кейде қан аралас іштің өтуі, сусыздану байқалады",- деп атап өтті министрлік.
Жаңалықтар
0