Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевГамма-нож
Гамма-нож - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қазіргі таңда Аланиядағы жол апатынан кейін емделіп жатқан 11 қазақстандықтардың ішінен 6 азамат емханадан шығарылды, олар бүгін түнде Қазақстанға оралады.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бес азамат дәрігерлердің бақылауында қалып, қажетті ем алуын жалғастыруда. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.
Барлық емдеу шығындары сақтандыру полистері арқылы төленеді.
Қазақстандық дипломаттар қайтыс болған азаматтың жақын туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі.
Жаңалықтар
0