https://sputnik.kz/20230801/studentter-astanadagy-en-qymbat-bes-zhuldyzdy-qonaq-uyde-bilim-alady-37191001.html
Студенттер Астанадағы ең қымбат бес жұлдызды қонақ үйде білім алады
Студенттер Астанадағы ең қымбат бес жұлдызды қонақ үйде білім алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. "Шабыт" университетінің студенттері енді Астанадағы ең қымбат бес жұлдызды қонақ үйде білім алады. Аталған жоғарғы оқу орынында... 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T08:46+0500
2023-08-01T08:46+0500
2023-08-01T08:46+0500
қонақ үй
https://sputnik.kz/img/557/44/5574458_0:263:1200:938_1920x0_80_0_0_5f2085e3789ae57e743cbee62cc329b2.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. "Шабыт" университетінің студенттері енді Астанадағы ең қымбат бес жұлдызды қонақ үйде білім алады. Аталған жоғарғы оқу орынында жөндеу жүріп жатқандықтан, мәдениет және спорт министрлігі осындай шешім қабылдаған, деп хабарлады КТК.Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері осы жылдың басында білім алып отырған ғимараттың шатырынан су сорғалап, тарақан жорғалап жүргенін айтып шағымданған. Әуелде 600 студентке шақталып салынған оқу орынына бүгінге дейін 3000 адам зорға сыйып келген. Қаражат бөлініп, нысанда жөндеу жұмысы басталып кетіпті.Жөндеуді түгел аяқтау шамамен бір жарым жылға жоспарланған. Ал оған дейін студенттер Астанадағы бес жұлдызды "Рамада Плаза" қонақ үйін паналайды. Нысан қазір денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Мәдениет және спорт мининстрлігі аталған ведомствомен келісімге келіп, ғимараттың 23 мың шаршы аумағын, яғни 67 пайызын пайдаланбақшы. Қалған бөлігі медициналық университеттің иелігінде."Қазақ ұлттық өнер университеті көшіріледі. Университет әкімшілігі, оқытушылар мен аудиториялар толық жасақталуда. Сабақ та сонда өтеді. Ал "Шабыт" университетінің ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететіні туралы әкімдік пен төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы шешімі бар", - дейді Қазақ ұлттық өнер университеті шаруашылық бөлімінің жетекшісі Тоқтарбек Есенов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/557/44/5574458_0:150:1200:1050_1920x0_80_0_0_a5a92458a549572106a1f0f2c0da4ea8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қонақ үй
Студенттер Астанадағы ең қымбат бес жұлдызды қонақ үйде білім алады
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. "Шабыт" университетінің студенттері енді Астанадағы ең қымбат бес жұлдызды қонақ үйде білім алады. Аталған жоғарғы оқу орынында жөндеу жүріп жатқандықтан, мәдениет және спорт министрлігі осындай шешім қабылдаған, деп хабарлады
КТК. Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері осы жылдың басында білім алып отырған ғимараттың шатырынан су сорғалап, тарақан жорғалап жүргенін айтып шағымданған. Әуелде 600 студентке шақталып салынған оқу орынына бүгінге дейін 3000 адам зорға сыйып келген. Қаражат бөлініп, нысанда жөндеу жұмысы басталып кетіпті.
"Ғимарат толық күрделі жөндеуден өткізіліп, аумағы біршама кеңейеді" - дейді шаруашылық бөлімінің жетекшісі.
Жөндеуді түгел аяқтау шамамен бір жарым жылға жоспарланған. Ал оған дейін студенттер Астанадағы бес жұлдызды "Рамада Плаза" қонақ үйін паналайды. Нысан қазір денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Мәдениет және спорт мининстрлігі аталған ведомствомен келісімге келіп, ғимараттың 23 мың шаршы аумағын, яғни 67 пайызын пайдаланбақшы. Қалған бөлігі медициналық университеттің иелігінде.
"Қазақ ұлттық өнер университеті көшіріледі. Университет әкімшілігі, оқытушылар мен аудиториялар толық жасақталуда. Сабақ та сонда өтеді. Ал "Шабыт" университетінің ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететіні туралы әкімдік пен төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы шешімі бар", - дейді Қазақ ұлттық өнер университеті шаруашылық бөлімінің жетекшісі Тоқтарбек Есенов.