https://sputnik.kz/20230801/shymkent-turgyny-intimdik-fotolaryn-taratpau-ushin-dosynan-100-000-dollar-bopsalagan-37192454.html
Шымкент тұрғыны интимдік фотоларын таратпау үшін досынан 100 000 доллар бопсалаған
Шымкент тұрғыны интимдік фотоларын таратпау үшін досынан 100 000 доллар бопсалаған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Шымкенттік тұрғын досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен, деп хабарлайды Polisia.kz. 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T10:03+0500
2023-08-01T10:03+0500
2023-08-01T10:03+0500
өңірлер
шымкент
ақша бопсалау
бопсалау
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/11/28568180_0:1:2731:1537_1920x0_80_0_0_51e34fa62f475e4ab0087269c8024d3f.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Шымкенттік тұрғын досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияның мәліметінше, Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінген.Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, 100 мың доллар талап еткенін айтып шағымданған. Әйтпесе, оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен.Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады.Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі бойынша полицияда тіркелді.Ұсталған адам өзінің досы болып шықты.Белгілі болғандай, жәбірленушінің мас күйін пайдаланған досы оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне жүктеп алған.Бопсалаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/11/28568180_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_04e3f1f3904fca5e50e0835ec8126127.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, ақша бопсалау, бопсалау
шымкент, ақша бопсалау, бопсалау
Шымкент тұрғыны интимдік фотоларын таратпау үшін досынан 100 000 доллар бопсалаған
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Шымкенттік тұрғын досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінген.
Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, 100 мың доллар талап еткенін айтып шағымданған. Әйтпесе, оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп уәде еткен.
Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.
Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі бойынша полицияда тіркелді.
Ұсталған адам өзінің досы болып шықты.
Белгілі болғандай, жәбірленушінің мас күйін пайдаланған досы оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне жүктеп алған.
Бопсалаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.