https://sputnik.kz/20230801/qaytarylgan-aktivterdi-basqaratyn-kompaniya-qurylady-37181025.html
Қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылады
Қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылады
Sputnik Қазақстан
Компания активтерді ұстау және активтерді сатудан түскен қаражатты Арнайы мемлекеттік қорға аударумен айналысады 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T07:00+0500
2023-08-01T07:00+0500
2023-08-01T07:00+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_231:547:2900:2048_1920x0_80_0_0_a82a95a6da89e9b2fcd1b169c7fa16b1.jpg
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанда қайтарылған активтерді басқаратын компания құру жоспарланып отыр.Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.Серіктестіктің негізгі мақсатына "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының заңында және басқа да заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақтау, өткізу жұмыстары кіреді."Мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншікке алу, мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын қамтамасыз ету және күтіп ұстау, активтерге иелік ету, Арнайы мемлекеттік қорға активтерді сатудан түскен қаражатты аудару басқарушы компанияның міндеттеріне жатады", - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.Жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлудің қажеті жоқ.Еске салайық, 12 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_569:552:2564:2048_1920x0_80_0_0_f8046b50b541a39b1fb1d3444d0ba45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылады
Компания активтерді ұстау және активтерді сатудан түскен қаражатты Арнайы мемлекеттік қорға аударумен айналысады
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанда қайтарылған активтерді басқаратын компания құру жоспарланып отыр.
Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА"
порталында жарияланды.
"Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылсын", - делінген қаулы жобасында.
Серіктестіктің негізгі мақсатына "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының заңында және басқа да заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақтау, өткізу жұмыстары кіреді.
"Мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншікке алу, мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын қамтамасыз ету және күтіп ұстау, активтерге иелік ету, Арнайы мемлекеттік қорға активтерді сатудан түскен қаражатты аудару басқарушы компанияның міндеттеріне жатады", - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.
Жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлудің қажеті жоқ.
Еске салайық, 12 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойған болатын.