https://sputnik.kz/20230801/aqtobe-oblysynda-balasyn-oltirgen-er-adam-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-37215046.html
Ақтөбе облысында баласын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Ақтөбе облысында баласын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 1 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысында баласын өлтірген әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық сот. 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T17:56+0500
2023-08-01T17:56+0500
2023-08-01T17:56+0500
ақтөбе облысы
қылмыс
әке
бала
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_f944279ca5317cde0b61fffce374b088.jpg
АЛМАТЫ, 1 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысында баласын өлтірген әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық сот.Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігі "Жас баланы өлтіру" бойынша қылмыс жасаған А.-ға қатысты үкім жарияланды.Келесі күні баланың әкесі жасалған аса ауыр қылмысты жасыру үшін баласының мәйітін айдалаға көміп тастаған."Сотталушы өз кінәсін мойындамай, баласы ойнап жүріп жерге құлап, кейін басын орындыққа ұрып қайтыс болғанын айтады. Ол сасқалақтап полицияға, жедел жәрдемге хабарламастан экскаватор жалдап, тереңдігі 2 метрден астам шұңқыр қаздырып, жасырын жерлеп тастаған. Бірнеше күннен соң баланың жоғалғаны туралы полицияға хабарлағанын, кейін шыдай алмай жерлеген жерін өз еркімен көрсеткенін айтты", - дейді ведомство.Прокурор соттан А.-ға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады."Сот балаға келтірілген дене жарақаттарының ауырлығын ескере отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотта істі қарау барысында жауапты тұлғалардың өз қызметтік міндеттеріне немқұрайлы, салғырт қарауы салдарының нәтижесі жас бала өліміне әкеліп соқтырып отырғандықтан, Ақтөбе облысының полиция департаменті және облыстық білім басқармасы атына жеке қаулы шығарылды", - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық соты.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Ал қайтыс болған бүлдіршіннің анасына іздеу жарияланды.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/61/12556129_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_ae38ee05a18f417ba9298ec60b9d343d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, қылмыс, әке, бала
ақтөбе облысы, қылмыс, әке, бала
АЛМАТЫ, 1 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысында баласын өлтірген әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық сот.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-тің 99-бабының 3-бөлігі "Жас баланы өлтіру" бойынша қылмыс жасаған А.-ға қатысты үкім жарияланды.
"Былтыр 23 желтоқсанда А. өзінің 4 жасар салқын тиіп ауырып тұрған баласы Д.-ның мазасызданып, жылағанына ашуланып, баланың басы, беті және ішкі тұстарынан бірнеше рет ұрғаны анықталды. Бала есінен танып, бас сүйегіне жарақат алып, қансырау салдарынан қылмыс орнында қайтыс болған", - дейді облыстық сот.
Келесі күні баланың әкесі жасалған аса ауыр қылмысты жасыру үшін баласының мәйітін айдалаға көміп тастаған.
"Сотталушы өз кінәсін мойындамай, баласы ойнап жүріп жерге құлап, кейін басын орындыққа ұрып қайтыс болғанын айтады. Ол сасқалақтап полицияға, жедел жәрдемге хабарламастан экскаватор жалдап, тереңдігі 2 метрден астам шұңқыр қаздырып, жасырын жерлеп тастаған. Бірнеше күннен соң баланың жоғалғаны туралы полицияға хабарлағанын, кейін шыдай алмай жерлеген жерін өз еркімен көрсеткенін айтты", - дейді ведомство.
Прокурор соттан А.-ға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
"Сот балаға келтірілген дене жарақаттарының ауырлығын ескере отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотта істі қарау барысында жауапты тұлғалардың өз қызметтік міндеттеріне немқұрайлы, салғырт қарауы салдарының нәтижесі жас бала өліміне әкеліп соқтырып отырғандықтан, Ақтөбе облысының полиция департаменті және облыстық білім басқармасы атына жеке қаулы шығарылды", - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық соты.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ал қайтыс болған бүлдіршіннің анасына іздеу жарияланды.