Алматыда 200 мың тұрғынды жарықпен қамтитын қосалқы станция салынды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиҚосалқы станция, архивтегі фото
Қосалқы станция, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Алматыда 200 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ететін "Алмагүл" жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қосалқы станция Алматының Бостандық ауданында Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан. Оған 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісі төселді.
"Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады. Оған "Алмагүл" шағын ауданы әл-Фараби-Жароков-Өтепов-Розыбакиев көшелерінің қиылысында салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылады", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, Бостандық ауданында жаппай, ретсіз салынған құрылыстардың салдарынан электр қуаты жиі үзіліп, қосалқы станцияға қажеттілік туындады. Бұл мәселені Алматы әкімімен кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғындары көтерді. Ерболат Досаев осы қосалқы станция бойынша барлық жұмысты осы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Жаңалықтар
0