https://sputnik.kz/20230801/100-adamdyq-orynda-170-bala-demalgan-aqmolada-talapqa-say-kelmeytin-lager-anyqtaldy-37196766.html
100 адамдық орында 170 бала демалған: Ақмолада талапқа сай келмейтін лагерь анықталды
100 адамдық орында 170 бала демалған: Ақмолада талапқа сай келмейтін лагерь анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз - Sputnik. Ақмола облысында талапқа сай емес балалар лагерлері анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы. 01.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-01T10:40+0500
2023-08-01T10:40+0500
2023-08-01T10:40+0500
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/06/35670490_0:103:3072:1831_1920x0_80_0_0_6d2c0d15bc8edc6185dbf736789dd38a.jpg
АСТАНА, 1 тамыз - Sputnik. Ақмола облысында талапқа сай емес балалар лагерлері анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.Ақмола облысының прокуратурасы балалар сауықтыру лагерьлерін тексеріп жатыр.Санитарлық-эпидемиологиялық заңнама, өрт қауіпсіздігі, еңбек, білім беру, медициналық заңнама талаптары бұзылған сауықтыру орталықтары анықталды.Балалардың демалыс орнының маңы да санитарлық талаптарға сай болмаған."Лагерьдің аумақтары мен үй-жайларын тексеру кезінде спирттік ішімдіктердің бос бөтелкелері, темекі бумалары, құрамында спирті бар сусындарды өндіруге арналған аппарат табылды. Пневматикалық қару, балалар лагерінің ас үй аймағында сақталған тышқанның уы және басқа да тыйым салынған заттар табылды", - делінген прокуратура хабарламасында.Кейбір лагерь әкімшілігі балаларды тиісті құтқарушылардың сүйемелдеуінсіз жаппай шомылу орындарына апарған.Тексеру жалғасып жатыр, ал нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.
https://sputnik.kz/20230731/almaty-oblysynda-tagy-bir-balalar-lageri-tekseriledi-37185166.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/06/35670490_296:0:3027:2048_1920x0_80_0_0_bc531f2922d420977019921553da25d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы
100 адамдық орында 170 бала демалған: Ақмолада талапқа сай келмейтін лагерь анықталды
АСТАНА, 1 тамыз - Sputnik. Ақмола облысында талапқа сай емес балалар лагерлері анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.
Ақмола облысының прокуратурасы балалар сауықтыру лагерьлерін тексеріп жатыр.
Санитарлық-эпидемиологиялық заңнама, өрт қауіпсіздігі, еңбек, білім беру, медициналық заңнама талаптары бұзылған сауықтыру орталықтары анықталды.
"Лагерьлердің бірінде 21 қызметкердің 18-і еңбек шарттарынсыз және санитарлық кітапшаларынсыз жұмыс істеген. 100 баланың орнына 170 бала демалған", - деп атап өтті ведомство.
Балалардың демалыс орнының маңы да санитарлық талаптарға сай болмаған.
"Лагерьдің аумақтары мен үй-жайларын тексеру кезінде спирттік ішімдіктердің бос бөтелкелері, темекі бумалары, құрамында спирті бар сусындарды өндіруге арналған аппарат табылды. Пневматикалық қару, балалар лагерінің ас үй аймағында сақталған тышқанның уы және басқа да тыйым салынған заттар табылды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Кейбір лагерь әкімшілігі балаларды тиісті құтқарушылардың сүйемелдеуінсіз жаппай шомылу орындарына апарған.
Тексеру жалғасып жатыр, ал нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.