https://sputnik.kz/20230731/toqaev-bayterek-kholdinginin-basshysyna-turgyn-uy-sayasatyn-zhetildiru-turaly-tapsyrma-berdi-37169615.html
Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің басшысына тұрғын үй саясатын жетілдіру туралы тапсырма берді
Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің басшысына тұрғын үй саясатын жетілдіру туралы тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 31.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-31T12:48+0500
2023-07-31T12:48+0500
2023-07-31T12:48+0500
қасым-жомарт тоқаев
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37168791_570:0:4211:2048_1920x0_80_0_0_bcc3f5058515c67faad37679b3535ca2.jpg
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда."Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің мәліметінше, ірі бизнесті қаржыландыруға 114,4 млрд теңге бөлініп, "Даму" қоры 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсеткен. Сондай-ақ жыл басынан бері "Отбасы Банкі" арқылы 29 мың отбасы баспаналы болды.Басқарма төрағасының айтуынша, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілген. Сондай-ақ биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілген, бұл – барлық егіс алқабының 15 пайызы."Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70% астамы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға тиесілі", - деп мәлімдеді Қанат Шарлапаев.Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37168791_1025:0:3756:2048_1920x0_80_0_0_58e3648192cd5dc3c230b41c0aaf4350.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, тұрғын үй
қасым-жомарт тоқаев, тұрғын үй
Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің басшысына тұрғын үй саясатын жетілдіру туралы тапсырма берді
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің мәліметінше, ірі бизнесті қаржыландыруға 114,4 млрд теңге бөлініп, "Даму" қоры 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсеткен. Сондай-ақ жыл басынан бері "Отбасы Банкі" арқылы 29 мың отбасы баспаналы болды.
"Бірінші жартыжылдықта баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам өтінімді мақұлдап, І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсетілді", - деп мәлімдеді "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев.
Басқарма төрағасының айтуынша, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілген. Сондай-ақ биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілген, бұл – барлық егіс алқабының 15 пайызы.
"Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70% астамы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға тиесілі", - деп мәлімдеді Қанат Шарлапаев.
Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.