Маңғыстау облысында жоғалған азаматты іздеуге тікұшақ тартылды

© Sputnik / Игорь Онучин / Медиабанкке өтуВертолет Ми-8, архивное фото
Вертолет Ми-8, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 шілде - Sputnik. Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған азаматты іздеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан әкімшілігінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл балықшылары мен жоғалған азаматтың туыстары қатысып жатыр.
"Iздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр.Оған барлығы 60 қа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылды", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Таңғы уақытта Маңғыстау облысының ТЖД МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 10 қайықпен 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізу үстінде.
Сондай-ақ аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0