https://sputnik.kz/20230731/iim-quny-25-mln-dollardan-asatyn-esirtki-partiyasyn-tarkiledi-37143720.html
ІІМ құны 2,5 млн доллардан асатын есірткі партиясын тәркіледі
ІІМ құны 2,5 млн доллардан асатын есірткі партиясын тәркіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 шілде - Sputnik. Полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы арқылы өткен героиннің ірі партиясының... 31.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-31T07:01+0500
2023-07-31T07:01+0500
2023-07-31T07:06+0500
есірткі
https://sputnik.kz/img/old/837/19/8371932_0:178:3007:1869_1920x0_80_0_0_befa0e3461d2d8e4729e15a8efe40be6.jpg
АСТАНА, 31 шілде - Sputnik. Полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы арқылы өткен героиннің ірі партиясының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.Бұл шамамен 250 мың бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады. Қылмыстық кодексінің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. "Қазіргі уақытта осы есірткі қылмысының өзге қатысушылары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ есірткі жеткізудің басқа да ықтимал арналарын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде", – деді Асқар Мұхаметқалиев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/837/19/8371932_139:0:2868:2047_1920x0_80_0_0_20f13b45157883aa504fb92cc1422564.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі
ІІМ құны 2,5 млн доллардан асатын есірткі партиясын тәркіледі
07:01 31.07.2023 (жаңартылды: 07:06 31.07.2023) АСТАНА, 31 шілде - Sputnik. Полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасы арқылы өткен героиннің ірі партиясының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Шілде айында Павлодар – Омбы бағытындағы автожолда жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды. Жүк көліктің Volvo маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 килограмм “героин” салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм “гашиш” салынған екі орама анықталып, тәркіленді", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Бұл шамамен 250 мың бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады.
Қылмыстық кодексінің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қылмысты ұйымдастырушыға мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.
"Қазіргі уақытта осы есірткі қылмысының өзге қатысушылары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ есірткі жеткізудің басқа да ықтимал арналарын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде", – деді Асқар Мұхаметқалиев.