https://sputnik.kz/20230731/astanaga-zhuzdegen-augan-kasipkeri-keledi--ministrlik-tusinikteme-berdi-37182488.html
Астанаға жүздеген ауған кәсіпкері келеді – министрлік түсініктеме берді
Астанаға жүздеген ауған кәсіпкері келеді – министрлік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Халықаралық құқық тұрғысынан Талибан* террористік ұйымға жатпайды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумаш... 31.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-31T15:20+0500
2023-07-31T15:20+0500
2023-07-31T15:21+0500
ауғанстан
https://sputnik.kz/img/81/17/811712_0:76:980:627_1920x0_80_0_0_9b4ffcb8e8c48d81cea35bb4af7d2fdc.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Халықаралық құқық тұрғысынан Талибан* террористік ұйымға жатпайды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумаш Астанада өтетін Қазақстан-Ауғанстан форумына арналған брифингте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ұйым Қазақстанда және тағы бірқатар мемлекетте террористік ұйымдардың тізіміне кіретіндіктен, журналистер форумға келетін ауған бизнесмендеріне, сондай-ақ осы елдің билігі – Талибанға қандай шектеу бар екенін сұрады.Оның сөзіне қарағанда, 1267-ші комитеттің де санкциялық тізімі жасалған. Ол комитеттің жұмысына Қазақстан қатысқан."Жаңағы 135 адам БҰҰ-ның санкциялық тізіміне енгізілсе де, террорист болып саналмайды. Олар – санкция салынған тұлғалар. Біріншіден, жүріп-тұруына шектеу қойылады. Екіншіден, активтері бұғатталады. Үшіншіден, қару-жарақ эмбаргосы. Сосын АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдерде "Талибан" қозғалысы ұлттық террористік ұйымға жатпайды. Соның арқасында олар Талибанмен сан алуан деңгейде байланыс ұстап отырады", - деп атап өтті Тумаш.Ал Астанадағы іскерлік форумға келетін ауғанстандықтар бірде-бір санкциялық тізімге кірмейді. Олардың бәрі – Ауғанстанның кәсіпкерлері."Сондықтан біз қандай да бір халықаралық норманы бұзып отырған жоқпыз", - деді министрдің орынбасары.*Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде терроористік қозғалыс деп танылған ұйым.
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/81/17/811712_20:0:891:653_1920x0_80_0_0_2dafb2d1b8c2f68dafc77175b10c1059.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауғанстан
Астанаға жүздеген ауған кәсіпкері келеді – министрлік түсініктеме берді
15:20 31.07.2023 (жаңартылды: 15:21 31.07.2023) АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Халықаралық құқық тұрғысынан Талибан* террористік ұйымға жатпайды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумаш Астанада өтетін Қазақстан-Ауғанстан форумына арналған брифингте айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұйым Қазақстанда және тағы бірқатар мемлекетте террористік ұйымдардың тізіміне кіретіндіктен, журналистер форумға келетін ауған бизнесмендеріне, сондай-ақ осы елдің билігі – Талибанға қандай шектеу бар екенін сұрады.
"Халықаралық құқыққа сәйкес, "Талибан" ұйымы террористік ұйым емес. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің санкциялық ережесі (1988-ші комитет) бар. Сол комитеттің санкциялық тізіміне 135 адам енгізілген, оған осы ұйымның мүшелері және онымен байланысы бар тұлғалар кіреді. Бірақ "Талибанның" өзі БҰҰ-ның санкциялық тізімінде жоқ", - деп түсіндірді Тумаш.
Оның сөзіне қарағанда, 1267-ші комитеттің де санкциялық тізімі жасалған. Ол комитеттің жұмысына Қазақстан қатысқан.
"Жаңағы 135 адам БҰҰ-ның санкциялық тізіміне енгізілсе де, террорист болып саналмайды. Олар – санкция салынған тұлғалар. Біріншіден, жүріп-тұруына шектеу қойылады. Екіншіден, активтері бұғатталады. Үшіншіден, қару-жарақ эмбаргосы. Сосын АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдерде "Талибан" қозғалысы ұлттық террористік ұйымға жатпайды. Соның арқасында олар Талибанмен сан алуан деңгейде байланыс ұстап отырады", - деп атап өтті Тумаш.
Ал Астанадағы іскерлік форумға келетін ауғанстандықтар бірде-бір санкциялық тізімге кірмейді. Олардың бәрі – Ауғанстанның кәсіпкерлері.
"Сондықтан біз қандай да бір халықаралық норманы бұзып отырған жоқпыз", - деді министрдің орынбасары.
*Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде терроористік қозғалыс деп танылған ұйым.