Қызылордада 8 млрд теңгеге заманауи мектеп салынады

© Sputnik / Абзал КалиевЦентральная площадь Кызылорды
Центральная площадь Кызылорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2023
Жазылу
ҚЫЗЫЛОРДА, 30 шілде - Sputnik. Қызылордада дарынды жас математиктерге арналған мектеп салына бастады, құрылысты білім беруді қолдау қорықаржыландырады.
Облыс әкімдігі премьер-министр Әлихан Смайыловтың Қызылорда облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жаңа мектеп-интернат салу туралы шешім қабылданғанын айтты.
"Білім беруді қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын оқу орнының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны - 7,9 миллиард теңге", - деп нақтылады әкімдік.
Бұдан бөлек Қызылорданың жаңа ауданында Сырдарияның сол жағалауында бірде-бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені жоқ.
"Бүгінгі таңда жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, жобаның құны - 6,9 миллиард теңге, құрылыс биыл басталады", - дейді әкімдіктегілер.
Аймақта қырыққа жуық басқа да әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Соның бірі - құны 1,6 миллиард теңге болатын неке сарайы, ол тамыз айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ облыс орталығында құны 3,7 миллиард теңге 1000 орындық Өнер Орталығы желтоқсан айында өз есігін айқара ашады. Тағы бір нысан - қан орталығы, оның құны 2,7 миллиард теңге. Жаңа нысан 2024 жылы ашылады.
Жаңалықтар
0