https://sputnik.kz/20230730/qyzylorda-oblysynda-alty-mektep-apatty-zhagdayda-37129863.html
Қызылорда облысында алты мектеп апатты жағдайда
Қызылорда облысында алты мектеп апатты жағдайда
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Қызылорда облысында үш ауысымда оқитын алты апатты мектеп бар. 30.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-30T11:18+0500
2023-07-30T11:18+0500
2023-07-30T11:18+0500
қызылорда облысы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0a/18103508_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_5420a192bc742b0e4fec9bbc498dca7a.jpg
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Қызылорда облысында үш ауысымда оқитын алты апатты мектеп бар. "2023-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес облыста 26 мектеп пен төрт мектепке қосымша құрылыс салу жоспарланған", - деді облыстық мәслихатта АМАNАТ партиясы фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев. Оның айтуынша, апаттық мектептер мәселесін шешу маңызды. Өңірдің Арал, Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандарында осындай алты оқу орны бар. Сондай-ақ Қызылордада үш ауысымды оқытатын мектептер бар. Оңғарбаевтың айтуынша, төрт апатты мектептің проблемасы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы есебінен шешіледі. "Сонымен қатар Арал ауданының Тоқабай ауылында демеушінің қаражатына апатты жағдайдың орнына жаңа мектеп салынып жатыр. Нысанды биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз", - деп нақтылады партия қызметкері. 2024 жылы Шиелі ауданы Жансейіт ауылында 100 орындық мектеп құрылысын бастау жоспарланған. Бұл үшін қаражат білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінеді. Нәтижесінде апаттық мектептер мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі дейді Оңғарбаев. Айта кетейік, Қызылорда мектептеріндегі үш ауысымда оқитын мектеп мәселесін жаңа жекеменшік мектептерді тұрғызу арқылы шешуге болады. Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазір өңірде 21 жекеменшік мектеп бар, олардың жұмыс сапасына шағым жоқ. Алдағы үш жылда инвесторлар тағы 12 жеке мектеп салуға ниетті.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0a/18103508_455:417:2629:2048_1920x0_80_0_0_08497f722dd3c9414fb66c020f514611.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, мектеп
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Қызылорда облысында үш ауысымда оқитын алты апатты мектеп бар.
"2023-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес облыста 26 мектеп пен төрт мектепке қосымша құрылыс салу жоспарланған", - деді облыстық мәслихатта АМАNАТ партиясы фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев.
Оның айтуынша, апаттық мектептер мәселесін шешу маңызды. Өңірдің Арал, Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандарында осындай алты оқу орны бар. Сондай-ақ Қызылордада үш ауысымды оқытатын мектептер бар.
Оңғарбаевтың айтуынша, төрт апатты мектептің проблемасы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы есебінен шешіледі.
"Сонымен қатар Арал ауданының Тоқабай ауылында демеушінің қаражатына апатты жағдайдың орнына жаңа мектеп салынып жатыр. Нысанды биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз", - деп нақтылады партия қызметкері.
2024 жылы Шиелі ауданы Жансейіт ауылында 100 орындық мектеп құрылысын бастау жоспарланған. Бұл үшін қаражат білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінеді. Нәтижесінде апаттық мектептер мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі дейді Оңғарбаев.
Айта кетейік, Қызылорда мектептеріндегі үш ауысымда оқитын мектеп мәселесін жаңа жекеменшік мектептерді тұрғызу арқылы шешуге болады. Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазір өңірде 21 жекеменшік мектеп бар, олардың жұмыс сапасына шағым жоқ. Алдағы үш жылда инвесторлар тағы 12 жеке мектеп салуға ниетті.