Павлодар облысының фермерлері өңірде төтенше жағдай жариялауды сұрады

© Photo : СС0 / klimkinЖара
Жара - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 шілде - Sputnik. Павлодар облысында экологиялық ахуал күрделі боп тұр. Құрғақшылық салдарынан өзен-көлдер тартылып, шабындық пен егіс алқаптары күйіп кеткен. Фермерлер төтенше жағдай жариялауды сұрап отыр, деп жазды Хабар 24.
Өңірге барған экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовамен кездесуде ылғал тапшылығы сөз болды. Май және Ақтоғай ауданының шаруалары жыл сайын Ертіс жағалауындағы шабындықтардан пішен дайындайтын. Биыл шалғыға ілінер шөп таппай қалды. Өйткені Ертіс өзені тасыған жоқ. Ал қырдағы шөп аптап ыстықта күйіп кетті. Өңірге ала жаздай бір тамшы тамбаған.
Министр мұны жаһандық жылыну салдарынан климаттың өзгеруінен туындаған жәйт деп түсіндірді. Өрттің жиілеуі, құрғақшылық. Мұндай табиғи апаттар қайталана береді. Халықаралық сарапшыларды тартып, алдағы уақытта қатаң климаттық жағдайға бейімделу жолдары іздестірілетінін атап өтті.
"Биылғы жылы қалыптасқан су тапшылығы жағдайы ол сонымен қатар климаттың өзгеруімен де байланысты. Климаттың өзгеруі жалпы құрғақшылыққа, судың тапшылығына әкеліп жатыр. Яғни біз оны ғылыми түрде көріп жатырмыз. Әрине бұл да табиғи үдерістер. Сол табиғи үдерістерге біз дайын болуымыз керек" , - деді министр Сүлейменова.
Жаңалықтар
0