"Міндетін ұмытты": Смайылов министрлер мен ректорлардың жұмысын сынға алды

© Sputnik / Егор Алеев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Жаңа оқу жылында бір жарым мыңға жуық студент жатақханасыз қалуы мүмкін. Бұл ақпарат республикалық штабтың отырысында айтылды.
1,4 мың орындық 4 нысан жоспарлы мерзімінде пайдалануға берілмеуі мүмкін.
"Бұл "Астана медицина университеті" КЕАҚ жатақханасын күрделі жөндеу, Алматы қаласында 400 орындық жатақхана салу және 450 орындық екі жатақханаға күрделі жөндеу жүргізу сынды жобалар", - деді штаб отырысында есеп берген ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Жиынға қатысушылар студенттер жатақханаларындағы орын тапшылығы мәселесін талқылады. Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл 11 мың орындық 37 нысан, оның ішінде ЖОО студенттеріне арналған – 26, колледж студенттеріне арналған 11 жатақхана пайдалануға беріледі.
Саясат Нұрбек жатақханалар құрылысы кезінде инвесторлар кезігетін негізгі проблемаларды айтты. Олар – нысандардың мақсатын өзгерту, заттай гранттар беру және коммуналдық желілерге қосылу мүмкіндігінің шектелуі.
Премьер-министр Әлихан Смайылов егер бұл мәселе уақтылы шешілмесе, жағдай одан сайын ушығатынын айтты.
"Көптеген университеттің басшылары студенттерге тиісті жағдай жасау өздерінің тікелей міндеті екенін іс жүзінде ұмытып кетті деуге болады. Өз кезегінде Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктері университеттер мен колледждердің сырттан келген студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз ету талаптарының орындалуына қатысты жағдайды бақылап отырған жоқ. Сондай-ақ әкімдіктердің тарапынан да үйлестіру жұмыстары нашар", — деді премьер-министр.
Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақханадан орын бөлу жұмыстарын барынша күшейтуді, сондай-ақ биылға жоспарланған 37 нысанның барлығының мерзімінде тапсырылуын қадағалауды міндеттеді. Ол үшін ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту министрлері, облыс әкімдері тікелей жауапты екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0