https://sputnik.kz/20230729/mektepterdegi-sanitariya-men-gigienanyn-ulttyq-standarty-azirlenedi--ukimet-37119426.html
Мектептердегі санитария мен гигиенаның ұлттық стандарты әзірленеді – үкімет
Мектептердегі санитария мен гигиенаның ұлттық стандарты әзірленеді – үкімет
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова министрліктерге мектептердегі... 29.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-29T19:45+0500
2023-07-29T19:45+0500
2023-07-29T19:45+0500
мектеп
тамара дүйсенова
https://sputnik.kz/img/571/81/5718137_0:0:2017:1134_1920x0_80_0_0_bc8c4ad912d6bca868c3fdf2980aae27.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова министрліктерге мектептердегі санитария мен гигиенаның ұлттық стандартын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Үкіметте балалардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бейнекамераларды тексеру нәтижелері мен мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмі туралы баяндады.Ал Оқу-ағарту, Ішкі істер, Цифрлық даму министрліктері білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етуге тиіс.Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктеріне жазғы лагерьлердің қызметін мұқият зерделеп, барлық кемшілікті жоюды және келесі маусымда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды."Балалардың демалысы мен бос уақытын өткізетін нысандар, балалар орталықтары көпфункционалды болуға тиіс, онда балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық, физикалық дамуына жағдай жасалуы қажет", — деп түйіндеді Дүйсенова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/571/81/5718137_109:0:1870:1321_1920x0_80_0_0_025f9186afa866f529984746e5e6a760.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, тамара дүйсенова
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова министрліктерге мектептердегі санитария мен гигиенаның ұлттық стандартын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкіметте балалардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бейнекамераларды тексеру нәтижелері мен мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмі туралы баяндады.
"Тамара Дүйсенова Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Сауда және интеграция министрліктеріне халықаралық талаптарды ескере отырып, мектептердегі санитария мен гигиенаның ұлттық стандартын әзірлеуді тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Ал Оқу-ағарту, Ішкі істер, Цифрлық даму министрліктері білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етуге тиіс.
Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктеріне жазғы лагерьлердің қызметін мұқият зерделеп, барлық кемшілікті жоюды және келесі маусымда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды.
"Балалардың демалысы мен бос уақытын өткізетін нысандар, балалар орталықтары көпфункционалды болуға тиіс, онда балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық, физикалық дамуына жағдай жасалуы қажет", — деп түйіндеді Дүйсенова.