https://sputnik.kz/20230729/astana-qalalyq-densaulyq-saqtau-basqarmasynyn-basshysy-qyzmetinen-ketti-37119287.html
Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қызметінен кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі... 29.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-29T14:32+0500
2023-07-29T14:32+0500
2023-07-29T14:32+0500
денсаулық сақтау
https://sputnik.kz/img/967/84/9678430_0:80:1201:755_1920x0_80_0_0_5886975dc0c8390ea35358c8482bad13.jpg
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қызметінен кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.Ол 2020 жылдың шілдесінен бастап елорданың денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып тағайындалды.Ол пандемия басталған жылы қызметке тағайындалды."Коронавирус пандемиясы кезеңі қиын болды, алда не күтіп тұрғанын ешкім түсінбеді. Алдымен инфрақұрылым, кадрлар, құрал-жабдықтар жетіспеді, бірақ қала әкімдігінің, еріктілер мен белсенділердің көмегімен мемлекеттің қолдауының арқасында біз бұл шиеленісті кезеңге төтеп бердік", - деп атап өтті бұрынғы басшы.Мұратов еңбек жолын 20 жылдан астам уақыт бұрын 6-қалалық емханада дәрігер болып бастаған. Содан бері қалалық аурухана бөлімшесінің меңгерушісі, қалалық аурухананың медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.Сондай-ақ елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері болды. Дәрігерден бастап "ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК директорының бірінші орынбасарына дейін лауазымы көтерілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/967/84/9678430_44:0:1156:834_1920x0_80_0_0_df97bf855cb7d3a459455fe5dd3ae244.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қызметінен кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Ол 2020 жылдың шілдесінен бастап елорданың денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып тағайындалды.
"Осы уақыт ішінде 3 жыл бойы біз сіздермен бірге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарттық, басым бағыттарды жетілдірдік, жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасадық. Талай өмірді сақтап қалдық, азаматтардың денсаулығын сақтау үшін күрестік. Жаңа онжылдықтың қорқынышты пандемиясына – коронавирус инфекциясына бірге қарсы тұрдық", - деп жазды Тимур Мұратов.
Ол пандемия басталған жылы қызметке тағайындалды.
"Коронавирус пандемиясы кезеңі қиын болды, алда не күтіп тұрғанын ешкім түсінбеді. Алдымен инфрақұрылым, кадрлар, құрал-жабдықтар жетіспеді, бірақ қала әкімдігінің, еріктілер мен белсенділердің көмегімен мемлекеттің қолдауының арқасында біз бұл шиеленісті кезеңге төтеп бердік", - деп атап өтті бұрынғы басшы.
Мұратов еңбек жолын 20 жылдан астам уақыт бұрын 6-қалалық емханада дәрігер болып бастаған. Содан бері қалалық аурухана бөлімшесінің меңгерушісі, қалалық аурухананың медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.
Сондай-ақ елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері болды. Дәрігерден бастап "ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы" ШЖҚ РМК директорының бірінші орынбасарына дейін лауазымы көтерілді.