https://sputnik.kz/20230728/ukrainanyn-qarsy-shabuyly-ayaqtaluga-zhaqyn-ba-37097172.html
Украинаның қарсы шабуылы аяқталуға жақын ба
Украинаның қарсы шабуылы аяқталуға жақын ба
Sputnik Қазақстан
Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары Украина қарулы күштерінің "үлкен қарсы шабуылы" туралы жарыса жазып жатыр. Соның арқасында Киев пен оның кураторлары бұған... 28.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-28T18:04+0500
2023-07-28T18:04+0500
2023-08-02T14:05+0500
ресей
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29481143_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_af446f375f245b3052f0a3860647dbda.jpg
Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары Украина қарулы күштерінің "үлкен қарсы шабуылы" туралы жарыса жазып жатыр. Соның арқасында Киев пен оның кураторлары бұған дейінгі сәтсіздіктерін жуып-шайып жібереді деген сенім бар. Танымал басылымдардың тақырыптары жақын арада Украинаның салтанатты жеңіске жететінін меңзеп тұр, деп жазды РИА Новости. "Украина армиясы оңтүстікте жарып өту үшін жаңа күштерін енгізіп жатыр""Украина Үлкен Шабуылды бастады""Украина соғыстың жаңа сатысына көшті – Батыс үшін сынақ басталды""Бұл үлкен тест".Ал The New York Times "бұл қарсы шабуылдың шешуші кезеңі" болатынын жазды."Украина орыстарға көптен күткен басты соққы жасауға кірісті. БҰЛ ҮЛКЕН ШАЙҚАС! Батыста дайындықтан өткен мыңдаған сарбаз дайын тұр. Неміс танкілері майданға аттанды. Орыстар ауқымды шабуылдар туралы хабарлап жатыр", - дейді олар.Дәл солай болса, Ресей армиясын талқандап тастады, әскер қашайын деп тұр. Ресейдің санаулы күні ғана қалды. Бірақ шын мәнінде жағдай олай емес.Күн сайын сарбаздар оққа ұшып, ондаған шетелдік бронды техника жойылып жатыр. Мәселен, Украина қарулы күштері бір тәуліктің ішінде Оңтүстік Донецк пен Запорожье бағытында 280 сарбаз бен 25 танкіден айырылды. Краснолиманск түбінде 185 солдат жер жастанды. Майдан даласында 50-ге жуық бронетранспортер, танк және тағы басқа әскери техника қалды. Соның ішінде "Брэдли" мен "Леопардтар" да бар.Ресей армиясы күнде алға жылжып, бірнеше елді мекенге кіріп үлгерді. Ал Батыстың басшылары "бәрі өте жақсы" дейді. Атап айтқанда, Ұлыбритания қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппи Daily Telegraph-қа берген сұхбатында "қазіргі кезде Украинаның өзіне артқан сенімді ақтап жатқанын" мәлімдеді. "Жалпы, олар бізбен, америкалықтармен және тағы басқа тараппен қыста әзірлеген жоспарды орындап жатыр", - дейді ол.Алайда батыс баспасөзінде тарап жатқан ақпаратқа қарағанда Украина соңғы резервтерін шығарып жатыр, соны барынша сақтап келген. Ал Украина қарулы күштерінде отырған ақпарат көздері әскердің үлкен шығынға ұшырап жатқанын айтып жатыр. Жаяу әскердің орнына элиталық жасақтарды шабуылға жіберуге тура келді. Оны немістің әскери барлау қызметінен шығып кеткен ақпарат та растап отыр. Оған сәйкес, НАТО стандарттары бойынша сарбаздардың дайындығы мен Батыстың қару-жарағына қарамастан, Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырап жатыр.Венгрия премьер-министрі кеңсесінің басшысы Гергей Гуйяш та "Украина қарулы күштерінің қарсы шабуыл кезінде айтарлықтай жетістікке жетпегенін" айтты.Ал Financial Times украиналық және шетелдік шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, Украинаның Батыстан жеткізілген техника мен құрал-жабдықтардың бестен бір бөлігінен айырылғанын жазды.Танымал журналист Сеймур Херш украинвлық шенеуніктің бір сөзін де келтірді. Бірақ аты-жөнін жазбады. "Қазіргі кезде Украинаның Ресейге қарсы шабуылы іске аспай қалды, Зеленскийде берілмей отырудан басқа ешқандай жоспар жоқ", - дейді ол.Бірақ Пентагон басшысы Ллойд Остин: "Киевте қарсы шабуылды жалғастыруға күш жеткілікті", - деп отыр.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29481143_149:0:2880:2048_1920x0_80_0_0_0955f42ab641d029e97a57cc4a675525.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары Украина қарулы күштерінің "үлкен қарсы шабуылы" туралы жарыса жазып жатыр. Соның арқасында Киев пен оның кураторлары бұған дейінгі сәтсіздіктерін жуып-шайып жібереді деген сенім бар. Танымал басылымдардың тақырыптары жақын арада Украинаның салтанатты жеңіске жететінін меңзеп тұр, деп жазды
РИА Новости. "Украина армиясы оңтүстікте жарып өту үшін жаңа күштерін енгізіп жатыр"
"Украина Үлкен Шабуылды бастады"
"Украина соғыстың жаңа сатысына көшті – Батыс үшін сынақ басталды"
Ал The New York Times "бұл қарсы шабуылдың шешуші кезеңі" болатынын жазды.
"Украина орыстарға көптен күткен басты соққы жасауға кірісті. БҰЛ ҮЛКЕН ШАЙҚАС! Батыста дайындықтан өткен мыңдаған сарбаз дайын тұр. Неміс танкілері майданға аттанды. Орыстар ауқымды шабуылдар туралы хабарлап жатыр", - дейді олар.
Дәл солай болса, Ресей армиясын талқандап тастады, әскер қашайын деп тұр. Ресейдің санаулы күні ғана қалды. Бірақ шын мәнінде жағдай олай емес.
Күн сайын сарбаздар оққа ұшып, ондаған шетелдік бронды техника жойылып жатыр. Мәселен, Украина қарулы күштері бір тәуліктің ішінде Оңтүстік Донецк пен Запорожье бағытында 280 сарбаз бен 25 танкіден айырылды. Краснолиманск түбінде 185 солдат жер жастанды. Майдан даласында 50-ге жуық бронетранспортер, танк және тағы басқа әскери техника қалды. Соның ішінде "Брэдли" мен "Леопардтар" да бар.
Ресей армиясы күнде алға жылжып, бірнеше елді мекенге кіріп үлгерді. Ал Батыстың басшылары "бәрі өте жақсы" дейді. Атап айтқанда, Ұлыбритания қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппи Daily Telegraph-қа берген сұхбатында "қазіргі кезде Украинаның өзіне артқан сенімді ақтап жатқанын" мәлімдеді. "Жалпы, олар бізбен, америкалықтармен және тағы басқа тараппен қыста әзірлеген жоспарды орындап жатыр", - дейді ол.
Алайда батыс баспасөзінде тарап жатқан ақпаратқа қарағанда Украина соңғы резервтерін шығарып жатыр, соны барынша сақтап келген. Ал Украина қарулы күштерінде отырған ақпарат көздері әскердің үлкен шығынға ұшырап жатқанын айтып жатыр. Жаяу әскердің орнына элиталық жасақтарды шабуылға жіберуге тура келді. Оны немістің әскери барлау қызметінен шығып кеткен ақпарат та растап отыр. Оған сәйкес, НАТО стандарттары бойынша сарбаздардың дайындығы мен Батыстың қару-жарағына қарамастан, Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылы сәтсіздікке ұшырап жатыр.
Венгрия премьер-министрі кеңсесінің басшысы Гергей Гуйяш та "Украина қарулы күштерінің қарсы шабуыл кезінде айтарлықтай жетістікке жетпегенін" айтты.
Ал Financial Times украиналық және шетелдік шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, Украинаның Батыстан жеткізілген техника мен құрал-жабдықтардың бестен бір бөлігінен айырылғанын жазды.
Танымал журналист Сеймур Херш украинвлық шенеуніктің бір сөзін де келтірді. Бірақ аты-жөнін жазбады. "Қазіргі кезде Украинаның Ресейге қарсы шабуылы іске аспай қалды, Зеленскийде берілмей отырудан басқа ешқандай жоспар жоқ", - дейді ол.
Бірақ Пентагон басшысы Ллойд Остин: "Киевте қарсы шабуылды жалғастыруға күш жеткілікті", - деп отыр.