Өңірлер

Шымкентте жалған доллар мен есірткі сатып келгендер ұсталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Шымкентте аса ірі мөлшерде жалған шетел валютасы мен есірткі сатумен айналысқан бір топ адамды ұстады.
Тінту кезінде жалпы құны 23 100 долларды құрайтын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 келі болатын оралған гашиш табылып, тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шымкенттің екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат таратылмайды.
Доллары США - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Алматыда жалған доллар сатпақ болғандар ұсталды
Жаңалықтар
0