Ақтөбеде анасы мен баласы пәтерден өлі күйде табылды

© ДВД СКОДверь
Дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 шілде - Sputnik. Ақтөбеде жеке пәтерден әйел адам мен баласының мәйіті табылды, деп хабарлайды "Диапазон" порталы.
Ақтөбедегі 8-шағын аудандағы көпқабатты үй тұрғындары жағымсыз иіс шыққанын айтып, полицияға жүгінген. Шақырту орнына келген полиция пәтерден екі мәйітті тапқан.
"23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі.
Пәтер иесі әйел адам мұғалім болған. Жалғыз тұрған. 44 жастағы ұлы анда-санда анасына келіп тұрған.
Қазір пәтер мөрленген. Ал көршілер осы пәтерде дезинфекция жүргізуді сұрайды.
Жаңалықтар
0