Смайылов инвестициялық штабтың отырысын өткізді

Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.07.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Инвестициялық штабтың отырысында инвестициялық келісімшарттар бойынша мемлекеттік заттық гранттар түрінде жер телімдерін беру мәселесі қаралды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың баяндауынша, мемлекеттік заттық гранттар Қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша тауарларды өндіру саласында да, қызмет көрсету саласында да беріледі және сауда-саттық (аукциондарды) жүргізуді талап етпейтін ерекше жағдайларға жатады.
Заттық гранттарды әкімдіктер Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен келісе отырып бөледі.
"2005 жылдан бастап 2023 жылдың маусымына дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті 1438 инвестициялық келісімшартқа қол қойды, оның 216-сы бойынша заттық гранттар түрінде жер берілген және 37 мыңнан астам жұмыс орны құрылған", - деп жазылған хабарламада.
Осы келісімшарттар шеңберінде 2,2 трлн теңге сомасына инвестициялар тартылды, оның ішінде қызмет көрсету саласында (қойма орындары, білім беру, денсаулық сақтау, қонақ үй қызметтері, жолаушылар тасымалы саласындағы нысандардың құрылысы) 125 келісімшарт жасалды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов отырысты қорытындылай отырып, президент инвестиция тарту мен бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Үкімет те осы бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Осыған орай, Әлихан Смайылов жауапты мемлекеттік органдарға заттық гранттар түрінде жер телімдерін берудегі құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді өзектендіруді тапсырды.
Жаңалықтар
0