https://sputnik.kz/20230727/semey-qalasy-infraqurylymynyn-68-protsenti-tozgan-37036756.html
Семей қаласындағы инфрақұрылымының 68 проценті тозған
Семей қаласындағы инфрақұрылымының 68 проценті тозған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 шілде - Sputnik. Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жөндеуге Үкімет резервінен 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр... 27.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-27T07:32+0500
2023-07-27T07:32+0500
2023-07-27T07:32+0500
семей
жылу желісі
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23556488_0:53:1080:661_1920x0_80_0_0_74c6dba17f39012228357f2aa0869870.jpg
АСТАНА, 27 шілде - Sputnik. Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жөндеуге Үкімет резервінен 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz.Семей қаласының жылу желілерінің ұзындығы 322 шақырымды құрайды, оның 68% тозған. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған (1966 жылы іске қосылған). Өткен жылыту маусымында қала желілерінде 337 апатты жағдай орын алды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21% жоғары.Семей қаласын жылыту маусымында сапалы қызметпен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жылу желілерінің тозығы жеткен бөліктерін анықтады, жобалау-сметалық құжаттама дайындап, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сараптамадан оң қорытынды алды.Үкімет резервінен бөлінген қаржы Семей қаласындағы желілік сорғыларды ауыстыра отырып, 1-ЖЭО-дан 1, 2, 3, 4-павильондарға дейін 5,8 шақырым магистралдық жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/10/23556488_112:0:1072:720_1920x0_80_0_0_0e85df6d3edb1b5085ceed5876a4029a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, жылу желісі
Семей қаласындағы инфрақұрылымының 68 проценті тозған
АСТАНА, 27 шілде - Sputnik. Семей қаласының коммуналдық инфрақұрылымын жөндеуге Үкімет резервінен 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды
primeminister.kz.
Семей қаласының жылу желілерінің ұзындығы 322 шақырымды құрайды, оның 68% тозған. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған (1966 жылы іске қосылған). Өткен жылыту маусымында қала желілерінде 337 апатты жағдай орын алды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21% жоғары.
Семей қаласын жылыту маусымында сапалы қызметпен қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жылу желілерінің тозығы жеткен бөліктерін анықтады, жобалау-сметалық құжаттама дайындап, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сараптамадан оң қорытынды алды.
Үкімет резервінен бөлінген қаржы Семей қаласындағы желілік сорғыларды ауыстыра отырып, 1-ЖЭО-дан 1, 2, 3, 4-павильондарға дейін 5,8 шақырым магистралдық жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады.